Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жақсы ауданы – Ақмола облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1955 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты құрылған, әкімшілік шекара реті

Жақсы ауданы

  • Басты бет
  • Жақсы ауданы

Жақсы ауданы – Ақмола облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1955 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты құрылған, әкімшілік шекара ретінде 1957 жылы құрылды. Аудан орталығы – Жақсы ауылы.

Қазақстан ауданы
Жақсы ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Ақмола облысы

Аудан орталығы

Жақсы

Ауылдық округтер саны

14

Ауыл саны

25

Әкімі

Алмагүл Аманжолқызы Қадыралина

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Жақсы ауылы, Дружба көшесі, №3

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°59′ с. е. 67°17′ ш. б. / 51.983° с. е. 67.283° ш. б. / 51.983; 67.283 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°59′ с. е. 67°17′ ш. б. / 51.983° с. е. 67.283° ш. б. / 51.983; 67.283 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1955

Жер аумағы

9 692,64 км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

16 095 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (46,74%), орыстар (24,07%), украиндар (13,72%), немістер (4,55%), беларустар (2,39%), татарлар (2,24%), мордвалар (1,77%), ингуштар (0,72%), молдовандар (0,66%), башқұрттар (0,65%), әзербайжандар (0,57%), басқалары (1,92%)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

(71635)

Пошта индексі

021200-021231

Автомобиль коды

03

Жақсы ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Жақсы ауданы

Облыс картасындағы Жақсы ауданы

Мазмұны

Географиялық орны

Аудан солтүстігінде СҚО-ның Ғабит Мүсірепов ауданымен, шығысында Сандықтау, Атбасар, батысында Есіл, Жарқайың аудандарымен шектеседі.

Тарихы

1955 жылы 22 қазанда Есіл ауданының ықшамдалуынан Қима ауданы болып құрылды. Орталығы Қима ауылы болып, құрамына Есіл, Жақсы, Жирен, Запорожье, Киров, Қима, Новоярослав, Талсай, Шұрымсай ауылдық кеңестері енді. 1957 жылы аудан орталығы Жақсы ауылына көшірілді. 1963 жылдың 2 қаңтарында ауданға қазіргі атауы берілді. 1970-1988 және 1990-1997 жылдары Жақсы ауданы Торғай облысының құрамына кірді. Сонымен бірге 1970-1997 жылдары ауданның оңтүстік бөлігінде Қима ауданы болды.

Жер бедері

Жақсы ауданы дала белдемінде орналасқан. Ауданның солтүстік жартысын абсолюттік биіктігі 300 — 400 м ұсақ шоқылы — жонды таулар мен Көкшетау қыратының оңтүстік-батыс бөлігі алып жатыр. Оңтүстік жағын жонды-белесті келген, абсолюттік биіктігі 250 — 300 м болатын Атбасар жазығының батыс бөлігі қамтыған.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты континенттік, қысы суық, қары аз (20 см), жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардағы орташа температура –17 — 18°С, шілдеде 19 — 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 — 350 мм. Аудан жері арқылы Есіл, Терісаққан, Аққайрақты, Жаман Қайрақты, Құмай өзендері ағып өтеді. Ең үлкен көлі — Қалмақкөл. Солтүстігінде карбонатты қара, оңтүстігінде карбонатты қызыл қоңыр топырақ, өзен жайылмаларында шалғындық топырақ тараған. 1954—56 жылдары аудан жерінің көпшілік бөлігі жыртылды. Жыртылмай қалған жерлерінде жусан аралас селеулі, бетегелі-селеулі далалық өсімдіктер, Есіл аңғарында бұта аралас шалғын өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, суыр, қарабауыр, күзен, сарышұнақ, қосаяқ, дала белдеміне тән құстар (бозторғай, қаратамақ, т.б.) мекендейді.

Халқы

1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
19497  ▲37403 ▼18755 ▲20542 ▲30808 ▼21107 ▼16451

Тұрғындар саны: 19 088 адам (2019).

  • Ұлттық құрамы: қазақтар (47,32%), орыстар (23,73%), украиндар (13,76%), немістер (4,35%), беларустар (2,45%), татарлар (2,16%), мордвалар (1,75%), башқұрттар (0,71%), ингуштар (0,70%), молдовандар (0,73%), әзербайжандар (0,51%), удмурттар (0,50%), армяндар (0,05%), марилер (0,02%), басқалары (1,26%).

Әкімшілік бөлінісі

25 елді мекен 2 ауылдық әкімдік пен 12 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Белағаш ауылдық округі 1149 ▼869 75,6 582 ▼435 74,7 567 ▼434 76,5
Беловод ауылдық округі 1524 ▼1043 68,4 751 ▼522 69,5 773 ▼521 67,4
Есіл ауылдық округі 1579 ▼1157 73,3 784 ▼562 71,7 795 ▼595 74,8
Жақсы ауылдық округі 5097 ▼4626 90,8 2414 ▼2313 95,8 2683 ▼2313 86,2
Жаңақима ауылдық округі 3282 ▼2389 72,8 1662 ▼1248 75,1 1620 ▼1141 70,4
Запорожье ауылдық округі 2719 ▼2365 87 1350 ▼1167 86,4 1369 ▼1198 87,5
Калинин ауылдық округі 906 ▼566 62,5 457 ▼292 63,9 449 ▼274 61
Киев ауылдық округі 734 ▼629 85,7 351 ▼312 88,9 383 ▼317 82,8
Қызылсай ауылдық округі 845 ▼528 62,5 433 ▼284 65,6 412 ▼244 59,2
Новокиенка ауылдық әкімдігі 860 ▼615 71,5 427 ▼312 73,1 433 ▼303 70
Подгорное ауылдық округі 789 ▼709 89,9 381 ▼341 89,5 408 ▼368 90,2
Тарасов ауылдық округі 587 ▼425 72,4 292 ▼209 71,6 295 ▼216 73,2
Терісаққан ауылдық әкімдігі 510 ▼304 59,6 253 ▼161 63,6 257 ▼143 55,6
Чапаев ауылдық округі 526 ▼226 43 257 ▼123 47,9 269 ▼103 38,3
ЖАЛПЫ САНЫ 21107 ▼16451 77,9 10394 ▼8281 79,7 10713 ▼8170 76,3

Ірі елді мекендері

Елді мекен Халқы
(2021)
Жақсы ▼4626
Запорожье ▼1749
Қима ▼1174
Жаңақима ▼1099
Ишимское ▼995
Белағаш ▼869
Подгорное ▼709
Киевское ▼629
Лозовое ▼616
Новокиенка ▼615
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Исатай ауданы

  • Сәуір 05, 2026

    Омбы облысы

  • Сәуір 06, 2026

    Донецк облысы

  • Сәуір 06, 2026

    Арқалық (қала)

  • Наурыз 10, 2026

    Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары