Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ұзындығы 64 км. Су жиналатын алабы 487 км2. Бақай және Жамбас таулары аралығында жағалауы тік шатқалды, жартасты келген. Өзен суын Асысаға, Қайрат ауылдарының ш

Асы өзені

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Асы өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 65 км
Су алабының
ауданы
487 км²
Су алабы Шілік өзені алабы
Су ағысы
Бастауы Қараш жотасы
  Координаттары 43°16′04″ с. е. 77°53′54″ ш. б. / 43.26778° с. е. 77.89833° ш. б. / 43.26778; 77.89833 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Шілік өзені
  Координаттары 43°29′31″ с. е. 78°23′29″ ш. б. / 43.49194° с. е. 78.39139° ш. б. / 43.49194; 78.39139 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°29′31″ с. е. 78°23′29″ ш. б. / 43.49194° с. е. 78.39139° ш. б. / 43.49194; 78.39139 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы

АсыШілік өзені алабындағы өзен.

Географиялық орны

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жерімен ағады.

Бастауы

Бастауын Қараш тауының баурайынан алып, Қайрат ауылы тұсында Шілік өзеніне құяды.

Гидрологиясы

Ұзындығы 64 км. Су жиналатын алабы 487 км2. Бақай және Жамбас таулары аралығында жағалауы тік шатқалды, жартасты келген. Өзен суын Асысаға, Қайрат ауылдарының шаруашылықтары пайдаланады.

Этимологиясы

Белгілі ғалым Е.Қойшыбаев Аса, Асы топонимдерін асу оронимдік терминінің өзгерген нұсқалары деп табады. Ал профессор Т.Жанұзақ Асы топонимін көне түркі jazi өзбек, яси түркімен, әзірбайжан, язы, язи - бәрі де "дала", "жазық", "кең алқап" мағыналарын беретін сөзінен шығарады. Т.Жанұзақ сілтеме жасалған еңбегінде Ә.Байбатшаның Асы тауы "ассақтар, яғни асы" этнонимімен қалыптасқан деген пікірін де келтіре кетеді. Асы гидронимі Алматы облысының Кеген ауданына тән асы "қыр, биік, үстірт" диалект сөзінен пайда болған деп жорамалдаймыз. Ол диалектіні сөздікке енгізген әйгілі ғалым С.Аманжолов мынадай мысал келтіреді "Жаздыгүні Алатаудың асысында қар жатады". Биік таудағы жайлау да, өзен де "тау үстіндегі, асыдағы" деген мағынада Асы аталған тәрізді.

Жоғары