| Аудан | |
| Ақсы ауданы | |
| Аксы району | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | |
| Әкімшілік орталығы | Керуен қаласы |
| Әкім | Максатбек Саргазаков |
| Тарихы мен географиясы | |
| Жер аумағы | 3500 км² |
| Уақыт белдеуі | UTC+6 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 113 010 адам (2009) |
| Ұлттық құрамы | қырғыздар — 95,1 %, |
| Ресми тілі | |
| Автомобиль коды | D және 04 |
|
| |
Ақсы ауданы (қыр. Аксы району, 1992 жылға дейін — Жаңажол ауданы) — Қырғызстанның Жалалабат облысындағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Керуен қаласы.
Географиясы
Аудан облыс орталығы Жалалабат қаласынан солтүстік-батысқа қарай, теңіз деңгейінен 1200 м биіктікте, Ферғана жазығының солтүстік шетінде орналасқан. Ақсы ауданы Өзбекстанның Наманған облысы құрамындағы төрт ауданмен (Янги-Қорған, Чартақ, Уйчін және Үч-Қорған) шекаралас. Ақсы ауданының Өзбекстан Республикасымен шекарасының ұзындығы 142 км-ді құрайды.
Аудан аумағында (Батыс Тянь-Шань) қазіргі уақытта төмендегілер құрылған және жұмыс істейді:
- Әулетім-Ата мемлекеттік табиғи паркі
- Арқыт орман шаруашылығы (1939 жылы құрылған)
- Падышаты мемлекеттік қорығы
- Сары-Челек мемлекеттік биосфералық қорығы
- Рязан-Сай ботаникалық кіші қорығы
- Жел-Тийбес ботаникалық кіші қорығы
- Балтыр-Хан орман кіші қорығы
- "Қара-Жыгач жартасы" гидрогеологиялық кіші қорығы (табиғат ескерткіші) сондай-ақ тасқа салынған суреттер тарихи ескерткіш (Таш-Кемюр тобы).

Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша қырғыздар 113010 аудан тұрғындарының ішінен 107447 адамды құрайды (немесе 95,1 %), өзбектер — 4802 адам немесе 4,2 %, орыстар — 305 адам немесе 0,3 %.
Әкімшілік бөлінуі
Ақсы ауданының құрамына 11 айылдық (ауылдық) округ кіреді:
- Әулетім айылдық округі — Әулетім а.
- Ақ-Жол айылдық округі — Ақ-Жол
- Ақ-Суу айылдық округі — Ақ-Суу а.
- Жаны-Жол айылдық округі — Жаны-Жол а.
- Жерге-Тал айылдық округі — Жерге-Тал а.
- Қара-Жығач айылдық округі — Қара-Жығач а.
- Қара-Суу айылдық округі — Копуро-Башы а.
- Қашқа-Суу айылдық округі — Қашқа-Суу а.
- Қызыл-Туу айылдық округі — Қызыл-Туу а.
- Қош-Дөбө айылдық округі — Қош-Дөбө а.
- Назарали айылдық округі — Қызыл-Жар (Үч-Қорғон) а.
Даулы аумақтар
Ақсы ауданының Өзбекстанмен шекаралас бөлігінде жалпы ауданы 513 га болатын 8 даулы учаске бар. Шекараның анық болмауы екі республика азаматтары арасындағы қақтығыстардың негізгі себебі болып табылады.
2002 жылы 16-18 наурызда Ақсы ауданында халық пен құқық қорғау органдары арасында қақтығыс болды. Халықтың талаптарының бірі - 1999 жылғы қырғыз-қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімді ратификациялаудан бас тарту.
Соңғы кездері аудандағы төмен материалдық жағдайға байланысты халықтың жаппай елдің солтүстігіне қарай, сондай-ақ Ресейге көшуі орын алуда.
Тарихы
Ош облысының құрамында болды. 1990 жылы Жалалабат облысы құрамына енгізілді. 1992 жылға дейін Жанги-жол ауданы деп аталып келді.
- Жалалабат облысы