| Жаман Ақкөл | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 115 м |
| Өлшемі | 12-13 × 6 км |
| Ауданы | 41,2 км² |
| Орналасуы | |
| 48°59′24″ с. е. 63°33′37″ ш. б. / 48.99000° с. е. 63.56028° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°59′24″ с. е. 63°33′37″ ш. б. / 48.99000° с. е. 63.56028° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Қостанай облысы |
| Аудан | Жангелді ауданы |
Жаман Ақкөл, Ақкөл — Ұлы Жыланшық өзенінің сағалық алабындағы көл.
Географиялық орны
Қостанай облысының Жангелді ауданы жерінде, Торғай қолатының оңтүстік-шығысында, теңіз деңгейінен 115 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы
Аумағы 41,2 км2, ұзындығы 12-13 км, ені 6 км. Жауын-шашын және Ұлы жыланшықтың жайылма суымен толығады, жазда тартылып сортаңды батпаққа айналады.
Жағалау сипаты
Жағасы жайпақ, батпақты, тастақты-құмды, солт.-батысы көтеріңкі, аласа кемерлі келеді. Суы тұзды, қар суы қосылғаннан кейінгі минералдылығы 2,0-3,5 г/л-ге төмендейді, қыс айларында 7 г/л-ге жетеді. Ақбасты өзенінің қосылатын тұсында мал ішуге жарамды. Алабы — көктемгі шабындық, жайылым.
- Алфавит бойынша көлдер
- Жангелді ауданы көлдері

