Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 34 км, алабында аумағы 20 га болатын шағын көл және ұзындығы 16 км болатын Жіңішкесу (Жіңішкебұлақ, Та

Лаварсаз өзені

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Лаварсаз
Іле алабындағы Лаварсаз өзені
Іле алабындағы Лаварсаз өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 34 км
Су алабы Іле өзені
Су ағысы
Бастауы Бөшке деп аталатын сазды-батпақты қоныс аумағындағы қайнар
  Орналасқан жері Қорам ауылынан шығыстағы 8 км жер
Сағасы Сенсембай-Қарасу өзеніне сол жағы. Одан әрі Торғай сайы бойымен ағып, Іле өзеніне (Қапшағай бөгені) құяды.
  Координаттары 43°45′57″ с. е. 78°03′41″ ш. б. / 43.76583° с. е. 78.06139° ш. б. / 43.76583; 78.06139 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°45′57″ с. е. 78°03′41″ ш. б. / 43.76583° с. е. 78.06139° ш. б. / 43.76583; 78.06139 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы

Лаварсаз, Лавар-Қарасу, Даярсаз – Іле алабындағы өзен.

Географиялық орны

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 34 км, алабында аумағы 20 га болатын шағын көл және ұзындығы 16 км болатын Жіңішкесу (Жіңішкебұлақ, Тамды) саласы бар.

Бастауы

Бастауын Қорам ауылынан шығыста 8 км жердегі Бөшке деп аталатын сазды-батпақты қоныс аумағындағы қайнардан алып, Даярсаз қонысынан төменде Сенсембай-Қарасу өзеніне сол жағынан құяды. Одан әрі Торғай сайы бойымен ағып, Іле өзеніне (Қапшағай су қоймасы) құяды. Жоғарғы ағысында Қарасу, ал Лавар ауылынан бастап Лавар деп аталады.

Этимологиясы

Лабар гидронимін Э.М.Мурзаев парсы, лаб "ерін", "жағалау, жар" сөзінен жасалғанын атап көрсетеді. Ал, екінші сыңары ар/ер көптеген тілдерде "су, өзен" мәнін беретіні дәлелденген.

Гидрологиясы

Арнасы толығымен дерлік жазық өңірмен өтеді. Сол жағалауының басым бөлігі жарлауытты келген. Бастауынан Сенсембай-Қарасу өзеніне дейінгі жағалау бойында тал, шілік, жүзгін, жиде, т.б. ағаштардан, бұталардан тұратын тоғай қалыптасқан және жағалауында қамыс, құрақ қалың өскен. арнасында жыл бойы су болады. Суында балық бар. Жыл құстары және т.б. құстар ұя салады, мекендейді. Өзен бойында Қорам, Лавар ауылдары және қыстаулар мен қоныстар жайласқан. Алабы - мал жайылымы және шабындық.

Жоғары