Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Жетісу облысы Қаратал ауданы жерінде, Қаратал өзені мен Шет (Бақанастың құрғақ арнасы) аралығында батыстан шығысқа қарай 110–115 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке

Бестас (құм)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бестас құмы
Сипаттамасы
Ұзындығы115 км
Ені90 км
Орналасуы
46°16′01″ с. е. 76°43′13″ ш. б. / 46.26694° с. е. 76.72028° ш. б. / 46.26694; 76.72028 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°16′01″ с. е. 76°43′13″ ш. б. / 46.26694° с. е. 76.72028° ш. б. / 46.26694; 76.72028 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақЖетісу облысы
ОрналасуыҚаратал ауданы, Балқаш көлінің оңтүстігі
Бестас құмы
Бестас (құм) (Жетісу облысы)
Бестас құмы

Бестас – Балқаш көлінінің оңтүстігіндегі жал құм.

Географиялық орны мен жер бедері

Жетісу облысы Қаратал ауданы жерінде, Қаратал өзені мен Шет (Бақанастың құрғақ арнасы) аралығында батыстан шығысқа қарай 110–115 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 80–90 км-ге созылған. Оңтүстігі Сарыесікатырау құмына жалғасады. Құмды алқаптың абсолюттік биіктігі солтүстікке қарай кеми береді. Құм жалдың биіктігі 3–20 м, солтүстік-шығысы жарқабақты, оңтүстік-батыс беткейі көлбеу келеді. Жер асты суы 5–20 м тереңдікте.

Өсімдігі

Сексеуіл, еркекшөп, теріскен, жусан өскен. Солтүстігіндегі ойпаң жерлерінде бұта, жыңғыл, көл маңына таман қамыс өседі. Бестас құмы — қысқы мал жайылымы.

Жоғары