Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Солтүстік Жетісу Алатауы ндағы Көктөбе тауының солтүстік беткейінен басталып, Үшарал қаласынан 5 км төменде Тентек өзеніне сол жағынан құяды.

Шынжылы (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шынжылы өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 110 км
Су алабының
ауданы
1510 км²
Су алабы Алакөл алабы
Су ағысы
Бастауы Жетісу Алатауындағы Көктөбе тауы
  Координаттары 45°36′25″ с. е. 80°38′22″ ш. б. / 45.60694° с. е. 80.63944° ш. б. / 45.60694; 80.63944 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Тентек өзенінің сол жағы
  Координаттары 46°12′26″ с. е. 80°53′08″ ш. б. / 46.20722° с. е. 80.88556° ш. б. / 46.20722; 80.88556 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°12′26″ с. е. 80°53′08″ ш. б. / 46.20722° с. е. 80.88556° ш. б. / 46.20722; 80.88556 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Жетісу облысы Алакөл ауданы
 Басқа мағыналар үшін Шынжылы деген бетті қараңыз.

Географиялық орны

ШынжылыАлакөл алабындағы өзен. Ұзындығы 110 км, су жиналатын алабы 1510 км2.

Бастауы

Солтүстік Жетісу Алатауы ндағы Көктөбе тауының солтүстік беткейінен басталып, Үшарал қаласынан 5 км төменде Тентек өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы

Жоғары және орта ағыстарында аңғары тар, таулық сипатты, жағасы тік жарлы (5 – 12 м). Жайылмасы төменгі бөлігінде ғана айқын қалыптасқан, ені 50 – 120 м. Негізгі салалары: Байбол, Көктас, Қарғалы, Жыланды. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Көктемде және жаздың басында тасиды. Көп жылдық орташа су ағымы сағасы тұсында 2,70 м3/с. Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады. Бойында екі суару каналы салынған.

Жоғары