Ғылыми дәрежелер мен атақтар - жоғары білімді мамандарға берілетін, олардын ғылыми біліктілігін, ғылым, техника және мәдениет саласындаәы жетістіктерін анықтайтын. Әр мемлекетте ғылыми жұмыскерлерді аттестаттауда өзіндік ерекшеліктер бар, өзінің тарихи құралған терминологиясы және ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтардың номенклатурасы бар.
Ғылыми дәреже — терең кәсіби білімі бар әрі ғылымның белгілі бір саласында жетістіктерге қол жеткізген адамдарға беріледі. Доктор ғылыми дәрежесін беру дәстүрі алғаш рет 13 ғасырда Еуропадағы ең ертеден келе жатқан Болонья университетінің заң ғылымдары факультетінде пайда болған. Бұлар құқық докторлары еді. Кейін бұл дәстүрді католик шіркеуі жалғастырып дін ілімінің докторы атағын бере бастаған. Докторлық дәреженің сол кездегі маңыздылығын 17 ғ-дан бастап Еуропада доктор сөзінің алдына «мәртебелі» сөзі қосылып айтылатын болғанынан байқауға болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында «Ғылыми дәрежелер беру ережелеріне» (1999) сәйкес «ғылым докторы» және «ғылым кандидаты» ғылыми дәрежесі беріледі. Бұл жүйе – бұрынғы Кеңес Одағында қалыптасқан болатын, Германия, Австрия, Швейцария мемлекеттерінің жүйелеріне ұқсас. Оларда: бакалавр, магистр, философия докторы (бізше – ғыл. кандидаты), ғыл. докт. ғыл. атақтары бар. Жоғарыда айтылған «Ережеге» сәйкес, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі жоғары арнайы білімі бар білікті маманға немесе магистр дәрежесі бар ізденушіге көпшілік алдында дисс. қорғауы негізінде берілсе, ғыл. докторы Ғ. д-сі – ғыл. кандидаты ғылыми дәрежесі бар ізденушіге көпшілік алдында докт. дисс. қорғағаннан кейін беріледі. Бұл дәрежелер Қазақстан Республикасында ғылым және ғылым-педагог қызметкерлерге ғылыми дәреже берілетін мамандықтардың тізбесіне сәйкес беріледі. Ғылыми дәрежелерді және ғылыми атақтарды беру жөніндегі аттестациялау істерін қарайтын және белгіленген мемл. үлгідегі құжаттарды беретін мекеме – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті.
- Педагогика
- Терминология