| Түрікменстанның туы (түрікм. Türkmenistanyň baýdagy) | |
| |
| Қабылданған | 27 қыркүйек 1992 (түпнұсқасы) |
|---|---|
| Қолдануы | |
| Пропорция | 2:3 |
| Дизайны | сол жағында жуан қызыл жолақ бар жасыл ту; қызыл жолақ үстінде түрлі оюлар бейнеленген; жолақтың оң жағында ақ жарты ай мен 5 түрлі ақ жұлдыз бейнеленген |
|
| |
| Пропорция | 2:3 |
Түрікменстан байрағы (түрікм. Türkmenistanyň baýdagy) — Түрікменстанның басты рәміздерінің бірі, оның мемлекеттік туы. Тұңғыш рет 27 қыркүйек 1992 жылы қабылданып, Кеңестік тудың орнын алған бұл байрақтың өзгертілген, 2:3 пропорциясына салынған қазіргі нұсқасы 24 қаңтар 2001 жылы қабылданды. 18 мамыр күні Мемлекеттік ту және Конституция күні тойланады.
Сипаттамасы

Байрақтың басты түсі қою жасыл болып келеді, оның сол жағында жуан, әрі қызыл жолақ орналасқан. Жолақтың үстіндегі түрлі оюлар түрікмен халқының руларын білдіреді, олар үстінен астыға: Теке, Жәуміт, Сарык, Чавулдур және Әрсары рулары. Оюлар астында БҰҰ туындағыдай екі айқасқан зәйтүн бұтағы салынған. Қызыл жолақтың оң жағында ақ жарты ай мен 5 түрлі ақ жұлдыз бейнеленген, бұл бейнелер жиі Ислам және түркі символикасында табуға болады.
- Түрікменстан туында бар ру оюлары
Теке (Teke)
Йомут (Ýomut)
Сарык (Saryk)
Чавулдур (Çowdur)
Әрсары (Ärsary)
Тарихы
- Түрікменстан туында бар ру оюлары
Түрікмен КСР туы (1973–1991)
Тұңғыш туы (1992–1997)
Пропорциясы мен кейбір символы өзгертілген нұсқасы (1997–2001)
2001 жылдан бері қолданыстағы нұсқасы
- 1992 жылдың тулары
- Мемлекеттік тулар
- Түрікменстан рәміздері