Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Буджуга хан (1526 жылы қайтыс болған) — 1522–1526 жылдары Хорезм мемлекетінде билік еткен Шайбанилер әулетінен шыққан бесінші өзбек билеушісі.

Буджуга хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Буджуга хан
Лауазымы
Хиуа хандығының ханы
Ізашары Суфиян хан (1525–1535)
Ізбасары Аванеш хан
Өмірбаяны
Дүниеге келуі Белгісіз
Үргеніш
Қайтыс болуы 1526 (1526)
Үргеніш
Балалары Дост хан, Иш сұлтан

Буджуга хан (1526 жылы қайтыс болған) — 1522–1526 жылдары Хорезм мемлекетінде билік еткен Шайбанилер әулетінен шыққан бесінші өзбек билеушісі.

Билікке келуі

​Буджуга хан — Әмінек ханның ұлы және өзбек ханы Жәдігер ханның ұрпағы. Ол Хорезмдегі билікке 1522 жылы ағасы Суфиян хан қайтыс болғаннан кейін келді. Буджуга хан 1526 жылға дейін билік құрды.

​Ол өз билігі кезеңінде Сефевид әулетінің шаһы І Тахмаспқа қарсы күресте табыстарға қол жеткізді, нәтижесінде шах өзбектерден бейбітшілік сұрауға мәжбүр болды. Буджуга ханның өз қыздары болмағандықтан, ол І Тахмаспқа ағасы Суфиян ханның қызы — Айша бегімді ұзатты

Қайтыс болуы

​1526 жылы ол қайтыс болғаннан кейін, Хорезмдегі билікке Аванеш хан келді.

Әдебиет

  • Веселовский Н.И. Очерк историко-географических сведений о Хивинском ханстве с древнейших времен до настоящаго  СПб: Типография брат. Пантелеевых, 1877. — 364 б.
  • ​Гулямов Я.Г., История орошения Хорезма с древнейших времен до наших дней. Ташкент. 1957
  • ​История Узбекистана. Т.3. Т., 1993.
  • ​История Узбекистана в источниках. Құрастырушы Б.В. Лунин. Ташкент, 1990
  • ​История Хорезма. И.М. Муминовтың редакциясымен. Ташкент, 1976
Жоғары