| Аудан | |
| Жайыл ауданы | |
| Жайыл району | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | |
| Әкімшілік орталығы | Қарабалта қаласы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Жер аумағы | 3028 км² |
| Уақыт белдеуі | UTC+6 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 92 645 адам (2009) |
| Ұлттық құрамы | қырғыздар — 61,0 %, |
| Ресми тілі | |
|
| |
Жайыл ауданы (қыр. Жайыл району) — Қырғызстанның Шу облысы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. 1992 жылға дейін Калинин ауданы деп аталып келді.
Әкімшілік орталығы — Қарабалта қаласы (1976 жылға дейін Калинин кенті).
Ауданның жер көлемі 3028 км², тұрғындар саны 92 645 адам (2009 ж.).
Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша қырғыздар 92 645 аудан тұрғындарының ішінен 56 542 адамды құрайды (61,0 %), орыстар — 23 100 адам (24,9 %), украиндар — 2441 адам (2,6 %), ұйғырлар — 1646 адамды (1,8 %), өзбектер — 1602 адам (1,7 %), қазақтар — 1409 адам (1,5 %), әзербайжандар — 1208 адам, корейлер — 1164 адам (1,3 %).
Атақты адамдар
Ауданда дүниеге келгендер
- Сабырбек Ақылбеков (1914-1968) — қырғыз живопись шебері.
- Тоқтоналы Сейтәлиев (1937 д.к.) — опера әншісі, КСРО халық әртісі (1984)
- Жайыл ауданы
