Жан Бургейн (Бурген, фр. Jean Bourgain; 28 ақпан 1954 жылы, Остенде, Бельгияда туылды) — бельгиялық математик, Филдов сыйлығның лауреаты.
Өмірбаяны
Докторлық дәрежесін Брюссельдік еркін университетте 1977 жылы алып, 1981-1985 жылдары сол жерде профессор міндетін атқарды. Содан кейін Францияда, 1994 жылдан бастап АҚШ-тағы Перспективті зерттеулер институтында жұмыс істеді.
Жұмыстары математиканың банах кеңістігінің геометриясы, гармоникалық талдау, аналитикалық сандар теориясы, комбинаторика, эргодикалық теория, дифференциалдық теңдеулер, спектрлік теория сияқты математиканың түрлі бөлімдеріне арналып жасалған.
2009 жылы Швециялық патшалық ғылым академиясының шетелдік мүшесі болып сайланды.
Марапаттары
Марапат тізіміне кіреді:
- Салем сыйлығы (1983)
- Эль Картан сыйлығы (1990)
- Математикалық анализге қосқан үлесі үшін Островский сыйы (1991)
- Филдс медалі (1994)
- В. И. Вернадский алтын медалі (2009)
- Математика саласындағы Шао жүлдесі (2010).
- Крафорд сыйлығы (2012), Теренс Таомен бірлесіп жасаған жұмысы үшін.
- Фельтринелли сыйлығы (2016).
- Математикадағы үлкен жетістік үшін алған сый (2017).
- Филдс марапаты иегерлері
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 28 ақпанда туғандар
- 1954 жылы туғандар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- Француз ғылым академиясының мүшелері