Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Сэр А́лан Ллойд Хо́джкин (ағылш. Alan Lloyd Hodgkin, 5 ақпан, 1914, Банбери, Англия — 20 желтоқсан, 1998) — британдық нейрофизиолог және биофизик, «жүйке жасуша

Алан Ходжкин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Алан Ллойд Ходжкин
Alan Lloyd Hodgkin
Туған күні

5 ақпан 1914 (1914-02-05)

Туған жері

Банбери

Қайтыс болған күні

20 желтоқсан 1998 (1998-12-20)(84 жас)

Қайтыс болған жері

Кембридж

Марапаттары


Үлгі:Құрмет ордені (Ұлыбритания)Үлгі:Британ империясының ордені

Сэр А́лан Ллойд Хо́джкин (ағылш. Alan Lloyd Hodgkin, 5 ақпан, 1914, Банбери, Англия — 20 желтоқсан, 1998) — британдық нейрофизиолог және биофизик, «жүйке жасушаларының перифериялық және орталық бөліктеріндегі қозуы мен тежелуінің иондық тетіктеріне қатысты жаңалықтары үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1963 жылғы лауреаты (Джон Эклс және Эндрю Хакслипен бірге).

Өмірбаяны

Кембридж университетін бітірді (1936).1937-38 жылдары АҚШ-та ғылыми іс-сапарда, Ұлыбританияда Теңіз биологиясы ассоциациясының Плимуттағы лабораториясында жұмыс істедіі (1938-39). 1939-45 жылдары Ұлыбритания Әскери - әуе күші министрлігінде және авиация өнеркәсіп министрлігінде ғылыми кеңесші болды. 1945 жылдан Кембридж университетінде қызмет істеді (1952 жылдан пофессор). 1971 жылдан Лейстер университетінің канцлері. 1959 - 65 жылдары Ұлыбритания ұлттық медицина щерттеу кеңесінің мүшесі, 1966 жылдан Ұлыбритания Теңіз биологиясы ассоциациясының президенті. Негізгі еңбектері нерв клеткаларының физиологиясы, нервтің қозу және тежелу механизміне арналған. Нерв импульсінің электрлің табиғатын дәлелдеді. Дания корольдық ҒА- ның (1964), Америка өнер және ғылым академиясының (1962), Германия "Леопольдина" табиғат зерттеушілер академиясының (1964) шетелдік мүшесі.

Марапаттары

  • Корольдік медаль (1958)
  • Физиология мен медицина саласында Нобель жүлдесі (1963)
  • Копли медалі (1965)

Ғалымның астроном құрметіне Людмила Карачкина Қырым астрофизикалық обсерваториясында, 23 желтоқсанда 1982 ж. ашылған астероид аталған (5422) Hodgkin.

Тағы қараңыз

  • Модель Ходжкина — Хаксли

Сілтемелер

Ғылыми және академиялық лауазымдар
Ізашары:
Патрик Мейнард Стюарт Блэкетт
Корольдік қоғамының президенті
1970—1975
Ізбасары:
Александер Тодд

Үлгі:Корольдік қоғамының 1900 жылғы президенттері

Копли медалінің иегерлері

Жоғары