| Эштон Кутчер | |
| Ashton Kutcher | |
Кутчер, 2023 жыл | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған кездегі есімі | Кристофер Эштон Кутчер |
| Туған күні | 7 ақпан 1978 (48 жас) |
| Туған жері | Сидар-Рапидс, Айова, АҚШ |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актёр |
| Белсенді жылдары | 1998 жылдан бері |
| IMDb | |
Кристофер Эштон Кутчер (ағылш. Christopher Ashton Kutcher; 7 ақпан 1978, Сидар-Рапидс, Айова) — америкалық актёр, жүргізуші, продюсер.
Кутчер ағасымен қатар — егіз. Олардың әпкесі де бар. 1999 жылдан бері көптеген танымал киноларға түскен. 2005 жылы өзінен 15 жасқа үлкен танымал актриса Деми Мурге үйленеді. Кейіннен онымен айырылысып, 2012 жылы Мила Кунисмен неке құрды. Атланта мен Лос-Анджелестегі жапон стиліндегі Geisha House мейрамханасының иесі.
«Аңшылық маусымы» және «Робо-балапан» мультфильмдерінің дыбысталуына қатысқан. Көптеген сыйлықтарға ие болған.
Фильмдер тізімі
- «Қыздар арналған американдық бәліш» (1999),
- «Тек қана сен және мен»,
- «менің көлігім қайда?» (2000),
- «Жас жұбайлар» (2003),
- «Көбелектің әсері» (2004),
- «Бір күні Вегаста» (2008),
- «Әулие Валентин күні»,
- «Баскесерлер» (2010),
- «Ешқандай міндеттемелерсіз» (2011), т.б.
- 7 ақпанда туғандар
- 1978 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша актерлер
- АҚШ актерлері
- АҚШ телевизия актерлері
- АҚШ продюсерлері
- Айова штатында туғандар
