| Алье Allier | ||
| ||
| Жалпы мағлұмат | ||
|---|---|---|
| Номері | 03 | |
| Аймағы | Овернь | |
| Префектура | ||
| Супрефектура | Монлюсон | |
| Тұрғыны (2009) | 343046 (47 ад./км², 63 орын) | |
| Жер аумағы | 7340 км² | |
| Округтері | 3 | |
| Кантондары | 35 | |
| Коммуналары | 320 | |
| Бас кеңестің төрағасы | Жан-Поль Дюфрень | |
| Орналасуы | ||
|
| ||
Алье (фр. Allier) — Францияның орталық бөлігінің оңтүстігіндегі департамент, Овернь аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 3. Әкімшілік орталығы — Мулен. Халық саны 343046 адам (департаменттер арасында 63-шы орын, 2009 ж.).
Атауы
Департамент өзінің атауы Алье өзеніне қатысты қойылған. Бұл өзен Алье аумағын басып өтеді.
Географиясы

Алье департаменті Овернь аймағының құрамына кіреді және Шер, Ньевр, Сона және Луара, Луара, Пюи-де-Дом, Крёз департаменттерімен шекаралас. Жер аумағы 7340 км².
Гидрографиясы
Департамент аймағын келесі өзендер кесіп өтеді. Батысында — Шер, орталығында — Алье және оның тармағы Сиуль, шығысында — Луара и оның тармағы Бебр.
Әкімшілік бөлінуі
Департамент 3 округ, 35 кантон және 320 коммунаны қосады.
Тарихы
Департамент тарихының көп бөлігін Бурбон герцогствасы алады, себебі Алье байырғы Бурбон герцогствасының территориясында орын тепкен.
Алье департаменті 1790 жылы 4 наурызда Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған департаменттерінің бірі.
Экономикасы
Департаменттің басты шаруашылықтарына орман өнеркәсібі, азық-түлік секторы, химия өндірісі, металлургия, каучук, машинажасау және электротехника, бальнеология жатады.
Туризм
Тағы қараңыз
- Франция департаменттері
- Алье департаментінің коммуналары
- Алье департаментінің кантондары
Сілтемелер
- Сайт префектуры Алье префектурасының сайты 11 желтоқсанның 2004 жылы.
- Алье Бас Кеңесінің сайты
- Алье департаментінің туризм комитеті
- Карта және тарихы
| ||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
- Франция департаменттері
- Алье