Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Аягөз ауданы — Абай облысының оңтүстік-батыс жағында орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жері 49,5 мың км². Аудан орталығы — Аягөз қаласы.

Аягөз ауданы

  • Басты бет
  • Аягөз ауданы

Аягөз ауданы — Абай облысының оңтүстік-батыс жағында орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жері 49,5 мың км². Аудан орталығы — Аягөз қаласы.

Қазақстан ауданы
Аягөз ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Абай облысы

Аудан орталығы

Аягөз

Ауылдық округтер саны

21

Кенттік әкімдіктер саны

1

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

45

Қала саны

1

Әкімі

Данияр Қайырханұлы Шәкәрімов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Аягөз қаласы, Абай бульвары, №14

Тарихы мен географиясы
Координаттары

47°57′57″ с. е. 80°25′52″ ш. б. / 47.96583° с. е. 80.43111° ш. б. / 47.96583; 80.43111 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°57′57″ с. е. 80°25′52″ ш. б. / 47.96583° с. е. 80.43111° ш. б. / 47.96583; 80.43111 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

49,5 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

66 239 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (96,35%), орыстар (1,97%), басқа ұлт өкілдері (1,68%)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

18

Аягөз ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Аягөз ауданы

Облыс картасындағы Аягөз ауданы

Мазмұны

Географиялық орны, жер бедері мен климаты

Аудан солтүстігінде Абай, Жарма, Жаңасемей аудандарымен, шығысында Ақсуат, Үржар аудандарымен, батысында Қарағанды облысының Ақтоғай, Қарқаралы, оңтүстігінде Жетісу облысының Сарқан, Алакөл аудандарымен шектесiп жатыр.

Аягөз ауданының солтүстігі сай-жыралы, өзенді, көлді, оңтүстігі Балқаш-Алакөл ойысымен астасқан жазық болып келеді. Климаты тым континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардағы орташа ауа температурасы — 17°С, шілдеде 22°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 — 400 мм. Қар қазанның ақыры — қарашаның басында түсіп, сәуірге дейін жатады. Аудан аумағынан Аягөз т.б. кішігірім өзендер ағып өтеді. Топырағы сортаң, кей жерде қоңыр және сұрғылт. Табиғи өсімдіктерден боз, бетеге т.б. өсімдіктер өседі. Жабайы аңдардан: арқар, қасқыр, аю, түлкі, борсық, қоян, сартышқан, құстан: қаз, үйрек, шағала т.б. мекендейді.

Тарихы

Аягөз ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Жетісу губерниясы Лепсі уезінің Аягөз және Үржар болыстарының жерінен құрылған (1928 жылы 3 қыркүйекте БОАК-мен бекітілген). Алғашқыда аудан орталығы Сергиополь ауылында болып, 1930 жылы Аягөз ауылына көшірілген. 1932 жылы 20 ақпанда аудан жаңадан құрылған Алматы облысының құрамына енді.

1939 жылғы 20 сәуірдегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Аягөз кенті қала мәртебесін алды.

1939 жылғы 14 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен аудан Алматы облысынан Семей облысының құрамына берілді.

1940 жылы 15 наурызда ауданға 13 ауылдық кеңес кірген: Ақшатау, Ақтоғай, Ақшәулі, Аягөз, Бақанас, Жүзағаш, Қарақол, Қараағаш, Қоңыршәулі, Мыңбұлақ, Нарын, Ортааягөз, Сергиополь.

1951 жылғы 31 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ақтоғай кенттік кеңесі құрылды.

1954 жылғы 4 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ортааягөз ауылдық кеңесі таратылды.

1957 жылғы 1 шілдедегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ақтоғай кенті жұмысшы кенттерінің санатына жатқызылды; Ақтоғай кенттік кеңесі ауылдық кеңес есебіндегі Ақтоғай жұмысшы кенттік кеңесіне ауыстырылды.

1958 жылғы 28 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ақсуат ауданы құрамынан Үшарал ауылдық кеңесі берілді.

1959 жылғы 16 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ақшатау және Сергиополь ауылдық кеңестері Сергиополь; Қараағаш және Нарын ауылдық кеңестері Нарын ауылдық кеңесіне біріктірілді.

1961 жылғы 5 қыркүйектегі Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен Ақшатау ауылдық кеңесі құрылды.

1963 жылғы 2 қаңтардағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Аягөз және таратылған Шұбартау аудандарының негізінде орталығы Аягөз қаласында болатын Аягөз ауылдық ауданы құрылды.

1963 жылғы 10 қаңтардағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Аягөз қаласы облыстық бағыныстағы қалалар санатына жатқызылды.

1964 жылы 1 сәуірде ауданда 17 ауылдық кеңес болған: Айғыз, Ақшатау, Ақшәулі, Бақанас, Бидайық, Жүзағаш, Қарақол, Қоңыршәулі, Қосағаш, Мәдениет, Нарын, Сергиополь, Тарлаулы, Үшарал, Ұйымдас.

1964 жылғы 31 шілдедегі Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен Ақшәулі және Жүзағаш ауылдық кеңестері таратылды, Ақши және Қопа ауылдық кеңестері құрылды.

1964 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен қайта құрылған Шұбартау ауданына Айғыз, Мәдениет, Бидайық, Қосағаш, Малкелді, Бақанас, Ұйымдас ауылдық кеңестері берілді.

1967 жылғы 27 маусымдағы Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен Шолпан және Майлин ауылдық кеңестері құрылды.

1975 жылғы 12 наурыздағы Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен Сарыарқа ауылдық кеңесі құрылды.

1977 жылғы 16 ақпандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ақсәуле ауылдық кеңесі құрылды.

1980 жылғы 28 шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Қарағаш ауылдық кеңесі құрылды.

1980 жылғы 17 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Таскескен ауданына Ақсәуле, Қарақол, Қоңыршәулі, Қопа, Шолпан ауылдық кеңестері берілді.

1988 жылғы 2 маусымдағы Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен аумағын Аягөз қалалық кеңесінің әкімшілік бағынысына беруіне байланысты Аягөз аудандық кеңесі таратылды.

1988 жылғы 25 шілдедегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Аягөз қаласы аудандық бағыныстағы қалалар санатына жатқызылды.

1990 жылғы 13 қыркүйектегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Қаулысымен Аягөз ауданының ауылдық кеңестері Аягөз қалалық кеңесінің әкімшілік бағынысына берілді.

1996 жылы 1 қыркүйекте Аягөз ауданында 10 ауылдық округ болған: Ақшатау, Ақши, Сарыарқа, Сергиополь, Қараағаш, Майлин, Мыңбұлақ, Нарын, Тарбағатай, Таңсық.

1996 жылғы 13 қарашадағы Семей облысының әкімі мен облыстық мәслихаттың шешімімен таратылған Таскескен ауданының Ақтоғай кенті, Ақшәулі және Қопа ауылдық округтері берілді.

1997 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Семей облысы таратылып, Аягөз ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді.

1997 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен Аягөз ауданына таратылған Шұбартау ауданының жері қосылды.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021 2023
35648 ▲57571 ▼40067 ▲41353 ▲68117 ▼42797 ▼36410 ▲66956 ▼66239

Тұрғындары 72 695 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 96,19%, орыстар – 2,60%, басқа ұлт өкілдері – 1,22%.

Әкімшілік бөлінісі

49 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік әкімдік пен 21 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Айғыз ауылдық округі 1821 ▼ 1182 64,9 897 ▼ 624 69,2 924 ▼ 558 60,4
Ақтоғай кенттік әкімдігі 6251 ▼ 5195 83,1 3178 ▼ 2601 81,8 3073 ▼ 2594 84,4
Ақшатау ауылдық округі 1292 ▼ 720 55,7 670 ▼ 376 56,1 622 ▼ 344 55,3
Ақшәулі ауылдық округі 1338 ▼ 635 47,5 680 ▼ 336 49,4 658 ▼ 299 45,4
Ақши ауылдық округі 1076 ▼ 750 69,7 543 ▼ 385 70,9 533 ▼ 365 68,5
Аягөз қалалық әкімдігі 38101 ▲ 42450 111,4 18381 ▲ 21036 114,4 19720 ▲ 21414 108,6
Байқошқар ауылдық округі 628 ▼ 317 50,5 336 ▼ 150 44,6 292 ▼ 167 57,2
Баршатас ауылдық округі 2883 ▼ 1474 51,1 1403 ▼ 741 52,8 1480 ▼ 733 49,5
Бидайық ауылдық округі 1053 ▼ 759 72,1 540 ▼ 396 73,3 513 ▼ 363 70,8
Емелтау ауылдық округі 606 ▼ 300 49,5 311 ▼ 146 46,9 295 ▼ 154 52,2
Қараағаш ауылдық округі 1055 ▼ 597 56,6 502 ▼ 315 62,7 553 ▼ 282 51
Қопа ауылдық округі 1165 ▼ 916 78,6 619 ▼ 467 75,4 546 ▼ 449 82,2
Қосағаш ауылдық округі 1047 ▼ 739 70,6 544 ▼ 373 68,6 503 ▼ 366 72,8
Майлин ауылдық округі 894 ▼ 592 66,2 468 ▼ 325 69,4 426 ▼ 267 62,7
Малкелді ауылдық округі 1003 ▼ 521 51,9 563 ▼ 265 47,1 440 ▼ 256 58,2
Мамырсу ауылдық округі 3003 ▼ 2875 95,7 1498 ▲ 1516 101,2 1505 ▼ 1359 90,3
Мәдениет ауылдық округі 1014 ▼ 747 73,7 523 ▼ 395 75,5 491 ▼ 352 71,7
Мыңбұлақ ауылдық округі 1393 ▼ 781 56,1 717 ▼ 419 58,4 676 ▼ 362 53,6
Нарын ауылдық округі 1677 ▼ 1109 66,1 854 ▼ 590 69,1 823 ▼ 519 63,1
Өркен ауылдық округі 854 ▼ 605 70,8 437 ▼ 316 72,3 417 ▼ 289 69,3
Сарыарқа ауылдық округі 1192 ▼ 872 73,2 606 ▼ 436 71,9 586 ▼ 436 74,4
Тарбағатай ауылдық округі 2885 ▼ 1504 52,1 1492 ▼ 761 51 1393 ▼ 743 53,3
Тарлаулы ауылдық округі 2341 ▼ 1316 56,2 1206 ▼ 709 58,8 1135 ▼ 607 53,5
ЖАЛПЫ САНЫ 74572 ▼ 66956 89,8 36968 ▼ 33678 91,1 37604 ▼ 33278 88,5

Ірі елді мекендері

Елді мекен Халқы
(2021)
Елді мекен Халқы
(2021)
Аягөз ▲ 42351 Мәдениет ▼ 746
Ақтоғай ▼ 5195 Қосағаш ▼ 739
Баршатас ▼ 1474 Ақши ▼ 690
Мамырсу ▼ 2462 Бидайық ▼ 757
Тарбағатай ▼ 1253 Қараағаш ▲ 505
Тарлаулы ▼ 1137 Қорық ▼ 521
Айғыз ▼ 1 048 Өркен ▼ 605
Шынқожа ▼ 1077 Ай ▼ 526
Ақшәулі ▼ 537 Байқошқар ▼ 317
Сарыарқа ▼ 817 Емелтау ▼ 300
Қопа ▼ 907 Майлин ▼ 427

Кәсіпорындары мен әлеуметтік құрылымдары

Автомобиль жөндеу зауыты, т.ж. торабы, вагон-локомотив депосы, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, жүн өңдеу ф-касы, “Аягөз — нан”, “Аягөз — көлік”,“Аягөз — астық” акционерлік қоғамдары, баспахана, қалалық жылу орталығы т.б. жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер аумағы 4452,8 мың га (1997). Аягөз ауданында клубтар, мәдениет үйлері, халық театры, мұражай, кітапханалар, бастауыш және орта мектептер, ауруханалар т.б. мекемелер бар.

Жол торабы

Аудан жерін Түркістан — Сібір темір жолы басып өтеді. Тұрғындары елді-мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Аудан аумағында 18 тарихи ескерткіш, оның ішінде “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” ескерткіші бар.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Гауһар (тас)

  • Сәуір 04, 2026

    Потенциалдық энергия

  • Сәуір 04, 2026

    Қалмақ хандығы

  • Сәуір 03, 2026

    Қан плазмасы

  • Сәуір 05, 2026

    Фазалық өту

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары