Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ақтан Ақайұлы (шамамен 1770, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Арықбалық ауылына қарасты Түлкіқашқан қонысы – 1854, Ақтөбе облысы) — халық батыры. Әлімұлы тайпас

Ақтан Ақайұлы

  • Басты бет
  • Ақтан Ақайұлы
 Басқа мағыналар үшін Ақтан деген бетті қараңыз.

Ақтан Ақайұлы (шамамен 1770, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Арықбалық ауылына қарасты Түлкіқашқан қонысы – 1854, Ақтөбе облысы) — халық батыры. Әлімұлы тайпасының Қаракесек бөлімінен. Жанқожа батырдың үзеңгілес серігі, оның Хиуа, Қоқан бекіністеріне жасаған жорықтарына қатысқан. 1842 жылдың қазан айында Хиуа хандығының Сыр бойы қазақтарынан ұшыр, зекет жинауға қойылған наибы Бабажан сарттың көне Жанкент шаһарының маңындағы бекінісі Бесқаланы аларда ерлік көрсеткен. Ақтан батыр бастаған қазақ сарбаздары қамалды қоршауға алып, Бабажанды қолға түсіріп, Жанқожа батырдың үкімімен жазалаған. Ақтан батырдың бейіті Ақтөбе облысы Берсүгір бекетінің батысына қарай 30–35 км қашықтықтағы Тебенсай деген жерде. Бұрынғы Арықбалық елді мекеніне Ақтан есімі берілген.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Маусым 04, 2026

    V Джордж

  • Сәуір 14, 2026

    Андаман аралдары

  • Сәуір 30, 2026

    Үлкен театр

  • Сәуір 10, 2026

    Күрті ауданы

  • Сәуір 26, 2026

    Әт-Тур сүресі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары