Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Бекжан Асаубайұлы Тұрыс (1965 жылы 15 ақпанда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай ауылында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Дарын м

Бекжан Тұрыс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Бекжан Асаубайұлы Тұрыс
Жалпы мағлұмат
Туған күні

15 ақпан 1965 (1965-02-15)(61 жас)

Туған жері

Алматы облысы Ұйғыр ауданыШошанай

Азаматтығы

 Қазақстан

Мамандығы

актёр

Белсенді жылдары

1990 жылдан

Бағыты

драма мелодрама

Марапаттары
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бекжан Асаубайұлы Тұрыс (1965 жылы 15 ақпанда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай ауылында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004). Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері (2016).

Өмірбаяны

  • 1991 ж. казіргі Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
  • Сол жылдан Қазақ академиялық драма театрында актер.

Ойнаған рольдері

Қазақ академиялық драма театрында 50-ден аса рольдер орындаған. Атап айтсақ:

  • Үкілі Ыбырай (Ш.Құсайыновтың осы аттас драмасында)
  • Қырманбай (Т.Нұрмағамбетовтың "Бес бойдаққа бір тойында")
  • Нұрым (С.Торайғыровтың "Қамар Cұлуы" бойыншада)
  • Шәмші (И.Сапарбайдың "Сыған серенадасында")
  • Педант, Слай (У.Шекспирдің "Асауға түсауында"), т.б. басты рольдері бар.
  • Сондай-ақ, "Жетпіс жеті күн", "Ұят болмасын" (Ақылбай шал), "Еркектің аты - еркек" теле-бағдарламалары арқылы көпшілікке кеңінен танымал.
  • Ресей, Өзбекстан, Иран, Қазақстанның барлық аймақтарында гастрольдік сапармен болып өнер көрсеткен.

Марапаттары

  • 1998 жылы Астана медалі
  • 2004 жылы ҚР Үкіметінің Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері
  • 2009 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді.
  • Мұқағали атындағы сыйлықтың лауреаты
  • 2016 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденінің иегері атанды.
  • 2016 жылы ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл медалі
  • 2018 жылы "Алаш арыстарының ізбасары" құрметті төсбелгісі
Жоғары