Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қорықша аумағындағы Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдік түрлері: қарқаралы бөріқарақаты, қызыл қайың, жіңішке көкнәр, көктемдік жанаргүл, кәдімгі қарғакөз

Белағаш қорықшасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Белағаш қорықшасы
Жалпы мағлұмат
Ауданы1,500 га
Орналасуы
50°10′35″ с. е. 74°34′07″ ш. б. / 50.17625225° с. е. 74.56849596° ш. б. / 50.17625225; 74.56849596 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°10′35″ с. е. 74°34′07″ ш. б. / 50.17625225° с. е. 74.56849596° ш. б. / 50.17625225; 74.56849596 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақҚарағанды облысы
АуданБұқар жырау ауданы
Белағаш қорықшасы
Белағаш қорықшасы (Қарағанды облысы)
Белағаш қорықшасы

Белағаш қорықшасы – мемлекеттік табиғи қорықша. Жалпы ауданы 1,500 га.

Географиялық орны

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы жерінде орналасқан.

Флорасы

Қорықша аумағындағы Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдік түрлері: қарқаралы бөріқарақаты, қызыл қайың, жіңішке көкнәр, көктемдік жанаргүл, кәдімгі қарғакөз, ашық құндызшөп, жапырақсыз орашық, жатаған қызғалдақ, қылтан селеу. Сонымен қатар сирек кездесетін өсімдіктер өседі.

Фаунасы

Қорықшада мекен ететін қара дегелек, сұр тырна, ақбас тырна, бақалтақ қыран, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, жыланшы бүркіт, қылқұйрық бұлдырық, үкі, қазақстан архары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі Халықаралық одақтың тізіміне енгізілген жануарлар түрлері де кездеседі.

Жоғары