Сырдария округі — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.
| Округ | |
| Сырдария округі | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Кіреді | Қазақ АСКР |
| Әкімшілік орталығы | Шымкент |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 17 қаңтар 1928 жылы |
| Таратылған уақыты | 17 желтоқсан 1930 жылы |
Сырдария округі 1928 жылы 17 қаңтарда Ақмола, Семей және Сырдария губернияларының бөліктерінен құрылды. Аудан орталығы - Шымкент қаласы болды. Округқа 21 аудан кірді:
- Арыс ауданы. Орталығы — Ишанбазар ауылы.
- Әулиеата ауданы. Орталығы — Әулиеата қаласы.
- Бадам ауданы. Орталығы — Сайрам ауылы.
- Беловодск ауданы. Орталығы — Белые Воды ауылы.
- Бостандық ауданы. Орталығы — Қожакент.
- Жуалы ауданы. Орталығы — Бурное ауылы.
- Иіржар ауданы. Орталығы — Славянское ауылы.
- Қаратас ауданы. Орталығы — Тұрбат ауылы.
- Қараспан ауданы. Орталығы — Арыс ауылы.
- Келес ауданы. Орталығы — Сарыағаш ауылы.
- Қызылқұм ауданы. Орталығы — Ақтөбе ауылы.
- Манкент-Сайрам ауданы. Орталығы — Манкент қыстағы.
- Меркі ауданы. Орталығы — Меркі ауылы.
- Сарысу ауданы. Орталығы — Кентарал қыстағы.
- Созақ ауданы. Орталығы — Созақ ауылы.
- Талас ауданы. Орталығы — Ұйық мекені.
- Түркістан ауданы. Орталығы — Түркістан қаласы.
- Түлкібас ауданы. Орталығы — Түлкібас ауылы.
- Шаян ауданы. Орталығы — Шаян ауылы.
- Шу ауданы. Орталығы — Ново-Троицкое ауылы.
- Жаңақорған ауданы. Орталығы — Жаңақорған ауылы.
1928 жылы 19 маусымда Қаратас ауданының орталығы Шарапхана ауылына, ал Манкент-Сайрам ауданының орталығы - Сайрам қыстағына көшірілді.
1928 жылы 23 маусымда Шу ауданы Мойынқұм ауданы болып өзгертілді.
1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтары сияқты округ таратылып, оның аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.
Әдебиет
- Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 288 б. — 1500 таралым.