Болат Сүлейменұлы Мүрсәлім (01 қазан 1979 жылы туған, Абай облысы, Ақсуат ауданы, Қызыл Кесік) — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ «Qazaqstan» телеарнасы директоры. Алаш қайраткерлері туралы бірнеше деректі фильмнің сценарий авторы. «Алашорда» және «Алаш автономиясының әскері» фотоальбомдарының құрастырушысы.
| Болат Мүрсәлім | |
| |
| Туған күні | 1 қазан 1979 (46 жас) |
|---|---|
| Туған жері | Абай облысы, Ақсуат ауданы, Қызыл Кесік ауылы, ҚазКСР |
| Азаматтығы |
|
| Ұлты | қазақ |
| Қызметі | «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы директоры |
| Әкесі | Сүлеймен |
| Марапаттары мен сыйлықтары | «Ақпарат саласының үздігі» |
Қызмет жолы
- «Қазақстан – ZAMAN» газетінде (2001 ж.), «Парасат» журналында (2002 ж.), «Қазақ радиосында» (2004 ж.), «Қазақстан» (2002-2006 ж.ж.), КТК (2007 ж.) телеарналарында қызмет атқарған.
- 2008-2009 жж. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Сценарлық алқа мүшесі;
- 2009 жылдың қазанынан «31 арнаның» «Информбюро» бағдарламасының шығарушы редакторы, 2012 жылдың тамызынан «31 арнаның» Ақпараттық бағдарламалар директоры;
- 2022 жылдың тамызынан «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Бас редакторы;
- 2022 жылдың 26 қыркүйегінен «Qazaqstan» телеарнасының директоры;
- 2023 жылдың шілдесінен «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Бас редакторы;
- 2024 жылдың сәуірінен «Qazaqstan» Ұлттық арнасы директоры.
Білімі
- 2001 ж. Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған;
- 2001-2004 жж. ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасында оқыды.
Марапаты
- «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі;
- ҚР Ұлттық Ғылым академиясы тағайындаған «Алашорданың 100 жылдығы» естелік медалі;
- «Қазақ хандығының 550 жылдығы» төсбелгісі.
