| Винисиус Жуниор | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
| | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Толық аты | Винисиус Жозе Пайсан де Оливейра Жуниор | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған күні | 12 шілде 2000 (26 жас) | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған жері | Сан-Гонсалу,Рио-де-Жанейро Бразилия | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бойы | 176 см | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| Салмағы | 73 кг | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| Позиция | шабуылшы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Номері | 7 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Винисиус Жозе Пайсан де Оливейра Жуниор (порт. Vinícius José Paixão de Oliveira Júnior; 12 шілде 2000 жыл, Сан-Гонсалу, Бразилия), немесе жай ғана Винисиус Жуниор (порт. Vinícius Júnior) — бразилиялық футболшы, "Реал Мадрид" клубы мен Бразилия құрамасының шабуылшысы.
Мансабы
Клубтық
2005 жылдан бері «Фламенго» клубының академиясының ойыншысы болды. 16 жасында Кубок Сан-Паулу турнирінде ең үздік қаптал шабуылшысы атанды. 2017 жылдың 13 мамырында Бразилия чемпионатында «Атлетико Минейро» клубына қарсы бастапқы құрамда дебют жасады. Осы ойыннан кейін Винисиус Фламенгомен келісім шартты ұзартты. Жаңа келісімшартта 16 жасар шабуылшының айлығы және өтемақыcы 30 дан 45 миллион евроға өсті.
2017 жылдың 10 шілдесінде Оңтүстік Америка кубогында Палестино клубына қарсы карьерасындағы алғаш голын салды. Фламенго бұл ойында 5:0 есебімен жеңіске жетті. Он күннен кейін Бразилия чемпионатында Атлетико Гоияниенсе клубына қарсы өзінің алғашқы дубльын салды. Матч 2:0 есебімен аяқталды.
Ұлттық құрама
Бразилияның 15, 18, 20 жасқа дейінгі құрамаларында өнер көрсетті.
2019 жылдың 28 ақпанында Винисиус алғаш рет Бразилия құрамасына Панама мен Чехияға қарсы жолдастық кездесуге шақырылды.
Винисиус 2021 жылдың 9 маусымында Бразилияның 2021 жылғы Америка Кубогының құрамына енді.
Жетістіктері
Командалық
- «Фламенго»
- Гуанабара кубогы: 2018
- Бразилия кубогының финалисі: 2017
- Оңтүстік Америка кубогының финалисі: 2017
- «Реал Мадрид»
- Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 2018, 2022
- Испания чемпионы: 2019/20, 2021/22, 2023/24
- Испания суперкубогының жеңімпазы: 2020, 2022, 2024
- УЕФА Чемпиондар лигасы жеңімпазы: 2021/22, 2023/24
- Испания суперкубогы жеңімпазы: 22/2023
- УЕФА Суперкубогы жеңімпазы: 2022, 2024
- Бразилия-15
- 15 жасқа дейінгі Оңт. Америка чемпионы: 2015
- Бразилия-17
- Брикс кубогы: 2016
- 17 жасқа дейінгі Оңт. Америка чемпионы: 2017
- Америка кубогы финалисті: 2021
Жеке
- 17 жасқа дейінгі Оңт. Америка чемпионатының үздік мергені: 2017
- 17 жасқа дейінгі Оңт. Америка чемпионатының үздік ойыншысы: 2017
Сілтемелер
| ||||||||||||||||||
| ||||||
- 12 шілдеде туғандар
- 2000 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Бразилия футболшылары
- Фламенго ФК ойыншылары
- Реал Мадрид ФК ойыншылары
- Реал Мадрид Кастилья ФК ойыншылары