| Дикинсон Ричардс | |
| Туған күні | 30 қазан 1895 жыл, |
|---|---|
| Туған жері | Ориндж |
| Қайтыс болған күні | 23 ақпан 1973 жыл |
Дикинсон Ричардс (ағылш. Dickinson Woodruff Richards, Jr.; 30 қазан 1895 жыл, Ориндж, Нью-Джерси — 23 ақпан 1973 жыл) — америкалық кардиолог, АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі.
Өмірбаяны
Йель университетін бітірген. 1922 жылы Колумбия университетін бітірді; 1947—1961 жылдары медицина профессоры, 1945—1961 жылдары Белвью ауруханасы медициналық бөлімінің бастығы (Нью-Йорк).
Негізгі жұмыстары
А.Курнанмен бірге нормада және патологияда жүрек пен өкпенің функцияларын зерттеу үшін жаңа әдістерді әзірледі (соның ішінде жүрек катетеризациясы); травматикалық шок кезіндегі жүрек қызметінің ерекшеліктерін зерттеді.
Нобель жүлдесі
Нобель жүлдесі (1956, А.Курнанмен және В.Форсманмен бірге).
Шығармалары
- Circulation of the blood. Men and ideas, N. Y., 1964 (A. P. Fishman бірігіп).
| ||||||||||
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері
- АҚШ кардиологтары
- 1895 жылы туғандар
- 30 қазанда туғандар
- 1973 жылы қайтыс болғандар
- 23 ақпанда қайтыс болғандар
- Йель университеті түлектері
- Колумбия университеті түлектері