Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жасыбай Өмiрұлы (XVIII ғасыр) — қазақ батыры. Орта жүздің Арғын тайпасы Бәсентиін руынан шыққан. Әкесі от ауызды, орақ тілді атақты Өмір шешен. Анасы - қазақтың

Жасыбай батыр

  • Басты бет
  • Жасыбай батыр

Жасыбай Өмiрұлы (XVIII ғасыр) — қазақ батыры. Орта жүздің Арғын тайпасы Бәсентиін руынан шыққан. Әкесі от ауызды, орақ тілді атақты Өмір шешен. Анасы - қазақтың атақты батыры Олжабайдың апасы. Жасыбай ба­тыр құралайды көзге атқан мергендігімен аты шыққан. Баянауыл өңірін, басқа да қазақ жерін жоңғарлардан азат ету күресіне белсене араласқан.

Жасыбай батыр Өмірұлы
Туған күні

XVIII ғасыр

Қайтыс болған күні

XVIII ғасыр

Ұлты

Қазақ

Қызметі

Батыр

Әкесі

Өмір шешен

Күресі

Бір шайқас алдында Олжабай батыр Жасыбай батырға сарбаздарымен келе жатқан жоңғар жасағының жолын бөгеп, жiбермеудi тапсырады. Мыңға толмайтын жасақты бастаған Жасыбай батыр екi есе көп жау қолымен асқан ерлiкпен соғысады.Бiрақ оқыс тиген жау садағының оғынан қайтыс болады. Қазақ қолы шегiне бастайды.Сол кезде тау шатқалына Олжабай бастаған әскер кiредi. Олжабай батыр Жасыбай батырдың жау оғынан мерт болғанын естiп, қалмақтарды қырып салады. Бұл күнде ол жер Қалмаққырылған деп аталады.

Есімімен аталатын жерлер

Қазiргi Павлодар облысы Баянауыл ауданында Жасыбай көлi, Жасыбай тауы деген жерлер бар. Жасыбай батырдың бейiтi сол асудың үстiнде. Халық арасында батырдың ерлiгiн баяндайтын Ер Жасыбай жыры сақталған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Орал облысы

  • Сәуір 11, 2026

    Мехрабад (Тәжікстан)

  • Сәуір 04, 2026

    Мағжан Жұмабаев

  • Сәуір 10, 2026

    Шаян (Бәйдібек ауданы)

  • Сәуір 03, 2026

    Тоқтамыс хан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары