Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Жоғарғы Савойя (фр. Haute-Savoie, окс. Nauta Savòia) — Францияның щығысындағы департамент, Рона-Альпі аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі — 74. Әкі

Жоғарғы Савойя

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жоғарғы Савойя (фр. Haute-Savoie, окс. Nauta Savòia) — Францияның щығысындағы департамент, Рона-Альпі аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі — 74. Әкімшілік орталығы — Анси. Халық саны 631,7 мың адам (департаменттер арасында 33-ші орын, 1999 ж.).

Географиясы

Жер аумағы 4388 км². Департамент Альпі тауларында орналасқан және Италия, Швейцария елдерімен шектеседі. Мұнда Монблан тауы мен Анси көлі бар. Және өзінің минералды туымен танымал Эвиан қаласы орналасқан. Тағы бір назар аударарлық орны — әлемдегі тереңдңгң жөнінен екінші орын алатын Gouffre Mirolda үңгірі, оның тереңдігі — 1733 м.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

Департамент 4 округ, 34 кантон және 294 коммунаны қосады.

Округтері:

  • Анси (Annecy)
  • Бонвиль (Bonneville)
  • Сен-Жюльен-ан-Женевуа (Saint-Julien-en-Genevois)
  • Тонон-ле-Бен (Thonon-les-Bains)

Халқы

Тұрғындарының көпшілігі - француздар. Және көбісі католиктер.

Тарихы

XIX ғасырдың ортасында Савойя жері Савойя герцогтық династиясына тиесілі болған. 1860 ж. наурызда ол Францияға қосылды.

Тағы қараңыз

  • Жоғарғы Савойя департаментінің коммуналары

Сілтемелер

Жоғары