Иран вице-президенттері (парсы: معاون رئیسجمهور ایران, Rayis Jomhur-e Irān) — Иран үкімет басшысының орынбасарлары. Иран Конституциясының 124-бабы бойынша вице-президент болып Иран президенті тағайындаған кез келген адам бола алады. Вице-президент Ирандағы президенттік істермен байланысты ұйымды басқаруға жауапты және 2019 жылғы тамыздағы жағдай бойынша елде он екі вице-президент бар. Бірінші вице-президент (парсы: معاون اول رئیسجمهور) президент болмаған кезде кабинет отырыстарын басқарады.
Бірінші вице-президент
| Иран Ислам Республикасының Бірінші Вице-Президенті | |
Иран елтаңбасы | |
Лауазымды иеленуші Мұхаммед-Реза Ареф 28 шілде 2024 жылдан бері | |
|---|---|
| Басқару түрі | Үкімет басшысының басты орынбасары |
| Ресми резиденциясы | Саадабад сарайы, Тегеран |
| Тағайындайды | |
| Өкілеттігінің мерзімі | шектеу жоқ |
| Лауазым пайда болды | 1 қыркүйек 1989 |
| Алғашқысы | Хасан Хабиби |
| Сайты | |
Бірінші вице-президенттің лауазымы 1989 жылғы Конституцияны қайта қарау кезінде құрылды. Ол премьер-министрдің кейбір міндеттерін өз мойнына алды. 124-бапқа сүйенсек, бірінші вице-президент министрлер кеңесін басқарады және президент бекіткен басқа вице-президенттіктерді үйлестіреді.
131-бапқа сәйкес, президенттік орын бос болғанда немесе президент өз міндеттерін атқара алмаса, жоғарғы көсемнің мақұлдауынан кейін бірінші вице-президент бұл рөлге кіріседі. Сол бапқа сәйкес, бірінші вице-президенттен (немесе президенттің міндетін атқарушы кез келген адамнан), Парламент спикерінен және сот билігінің басшысынан тұратын кеңес елу күн ішінде жаңа президенттің сайлануын қамтамасыз етуі керек. 132-бапқа сүйенсек, президент міндетін атқарушы (әдетте бірінші вице-президент) қызмет ететін уақыт ішінде Парламент министрлерге импичмент жариялай алмайды, жаңадан енгізілген министрлерді мақұлдамайды, Конституцияны қайта қарауға және ұлттық референдумдарды өткізуге болмайды.
Бірінші вице-президенттер тізімі
Реформист Қағидашы |
| No. | Суреті | Аты-жөні (өмір сүрген жылдары) | Қызметі | Партиясы | Президенті | |||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Бастады | Аяқтады | Өкілеттігі | ||||||
| 1 | ![]() | Хасан Хабиби (1937–2013) | 21 тамыз 1989 | 26 тамыз 2001 | 12 жыл, 5 күн | Партиясыз | Акбар Рафсанджани | |
| Құрылыс атқарушыларының партиясы (1996 бастап) | ||||||||
| Мұхаммед Хатами | ||||||||
| 2 | ![]() | Мұхаммед Реза Ареф (1951 туған) | 26 тамыз 2001 | 10 қыркүйек 2005 | 4 жыл, 15 күн | Исламдық Иран қатысу майданы | ||
| 3 | ![]() | Парвиз Давуди (1952–2024) | 10 қыркүйек 2005 | 17 шілде 2009 | 3 жыл, 310 күн | Партиясыз | Махмұд Ахмадинежад | |
| 4 | ![]() | Эсфандияр Рахим Машаи (1960 туған) | 17 шілде 2009 | 25 шілде 2009 | 8 күн | Партиясыз | ||
| 2009 жылғы 25 шілдеден 13 қыркүйекке дейін лауазымы бос болды | ||||||||
| 5 | ![]() | Мұхаммед Реза Рахими (1949 туған) | 13 қыркүйек 2009 | 5 тамыз 2013 | 3 жыл, 326 күн | Партиясыз | ||
| 6 | ![]() | Эсхак Джахангири (1957 туған) | 5 тамыз 2013 | 8 тамыз 2021 | 8 жыл, 3 күн | Құрылыс атқарушыларының партиясы | Хасан Рухани | |
| 7 | ![]() | Мұхаммед Мохбер (1955 туған) | 8 тамыз 2021 | 28 шілде 2024 | 2 жыл, 355 күн | Партиясыз | Ибраһим Раиси өзі (м.а.) | |
| 8 | ![]() | Мұхаммед-Реза Ареф (1951 туған) | 28 шілде 2024 | Қазіргісі | 70+ күн | Партиясыз | Масуд Пезешкиан | |
- Иран вице-президенттері
- Иран мемлекеттік құрылымы
