| Қала | |
| Керуен | |
| қыр. Кербен | |
![]() | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Облыс | |
| Аудан | Ақсы ауданы |
| Мэр | Нарматалы Эсеналиев |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 41°30′00″ с. е. 71°45′00″ ш. б. / 41.50000° с. е. 71.75000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 41°30′00″ с. е. 71°45′00″ ш. б. / 41.50000° с. е. 71.75000° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Құрылған уақыты | 1930 |
| Қала статусы | 2004 |
| Жер аумағы | 0,99 км² |
| Биіктігі | 1280 м |
| Климаты | континентті |
| Уақыт белдеуі | UTC+6 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 28 300 адам (2017) |
| Ұлттық құрамы | қырғыздар - 88,5 % |
| Ресми тілі | |
| Сандық идентификаторлары | |
| Телефон коды | +996 3742 |
| Автомобиль коды | D, 04 |
| kerben.aksy.kg | |
Керуен шекарасы | |
Керуен (қыр. Кербен) — Қырғызстандағы қала, Жалалабат облысы, Ақсы ауданының әкімшілік орталығы.
Халқы (2017) — 28,3 мың адам.
Географиясы
Қала облыс орталығы Манастантан 220 км солтүстік-батысқа қарай, Ташкөмір қаласының темір жолынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Керуен қаласы Ақсы ауданының ортасында, теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан. Жер бедері жазық, кедір-бұдырлы. Климаты континентті. Қысы кейде қатал, жазы ыстық, жылдық орташа температурасы Цельсий бойынша плюс 12 градус.
Тарихы
Ауыл 1930 жылы Караван атауымен құрылған болатын. 2004 жылы 4 қазанда Караван ауылының атауы Керуен болып өзгеріп, оған аудандық бағыныстағы қала мәртебесі берілді.
Халқы
Керуен қалалық басқармасының аумағында 7 елді мекен орналасқан: Керуен, Күліктөбе, Ақтөбе, Жетіген, Құрылыс, Ұстықан және Мамай.
2004 жылғы 1 қаңтар деректеріне сәйкес Керуен қаласының халық саны (іргелес айыл өкмөттерін қоса есептегенде) 22 408 адамды құрайды (немесе облыс халқының 11,2 %-і). Қала халқы саны - 13 433 адам, ауыл халқы – 8 975 адам. Қалада шамамен 19 этнос өкілдері тұрады, оның ішінде: қырғыздар – 19 943 адам (89 %), өзбектер – 1 994 адам (8,9 %), орыстар – 314 адам (1,4%), басқалары – 157 адам (0,7%).
2017 жылғы 1 қаңтарда халық саны адам 28,3 мың адамды құрады .
Экономикасы және инфрақұрылымы
Қалада өнеркәсіптік нысандар: техника жөндеу шеберханасы, ағаш өңдеу, мақта тазалау, сүт өңдеу, тігін, жеміс кептіру цехтары, диірмен орналасқан. Сондай ақ мектептер, №69 кәсіптік лицей, балабақшалар, кітапханалар, денсаулық сақтау нысандары, жанар-жағармай құю станциялары т.б.жұмыс жасайды.
Сілтемелер
Қырғыз Республикасының қалалары қауымдастығы сайтында 27 шілденің 2010 жылы.
- Алфавит бойынша елді мекендер
- 1930 жылы құрылған елді мекендер
- Қырғызстан қалалары
- Жалалабат облысы қалалары

