| Килиан Мбаппе | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Франция құрамасындағы Мбаппе, 2026 жыл | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Толық аты | Килиан Мбаппе Лоттен | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Лақап аттары | Донателло (фр. Donatello) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған күні | 20 желтоқсан 1998 (27 жас) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған жері | Бонди, Франция | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бойы | 178 см | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Салмағы | 73 кг | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Позиция | шабуылшы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Номері | 10 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Марапаттары мен медальдары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Килиан Мбаппе Лоттен (фр. Kylian Mbappé Lottin; 20 желтоқсан 1998, Бонди) — француз футболшысы, «Реал Мадрид» клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы.
2016/17 жылғы маусымда Франция чемпионатының үздік жас футболшысы атанды. 2018 жылғы әлем чемпионы және үздік жас футболшы, Францияның жыл футболшысы.
Клубтық мансабы
Кәсіпқой карьерасын 17 жасында «Монако» клубында бастады. Тұңғыш рет 2015 жылы 2 желтоқсанда Франция чемпионатындa «Кан» командасына қарсы 88-минутта Фабиу Коэнтраудың орнына алаңға шықты. Сегіз күннен соң еурокубоктердегі дебют ойынын өткізіп, Еуропа Лигасының алтыншы турында «Тоттенхемге» қарсы ойында алаңға шықты. Бұл кездесуде нәтижелі пасымен көзге түсті.

2016–2017 жылғы маусымда «Монако» чемпиондар Лигасының жартылай финалына дейін жетті. Команданың осы жетістігіне көп үлес қосқан Мбаппе Еуропаға танылып үлгерді де, кәрі құрлықтың бірнеше алпауыт клубтары оны өз қатарына қосып алғысы келетінін мәлімдеді.
Келесі маусымда Мбаппе «Пари Сен-Жермен» клубына жалға берілді. Енді ол Неймармен бірге тізе қосып ойнады. Бірақ еурокубоктерде команда 1/8 финалдан аса алмады. Мбаппе Франция чемпионатында 27 матчта алаңға шығып, 13 гол соқты. Маусым біткен соң париждік клуб оны түпкілікті сатып алды.
Реал Мадрид
2024 жылғы 3 маусымда Реал Мадрид клубымен 5 жылдық контрактқа отырды. Осыдан кейін Мбаппе әлеуметтік желілерінде өзінің бақытымен бөлісті: «Бұл орындалған арман. Мен соңдай бақыттымын және өзімнің арман клубыма өткеніммен мақтанамын... Қазір қандай қобалжып тұрғанымды ешкім түсіне алмайды!».
Ұлттық құрама
Ұлттық құрамада тұңғыш рет 2017 жылы алаңға шықты. 2018 жылғы әлем біріншілігінің екінші турында Перудің қақпасына гол соғып, есеп ашты. 1/8 финалда Аргентинаның қапасына екі гол соқты (4:3). Финалда Хорватияның қақпасына да бір гол енгізді.
Мбаппе турнирдің ең үздік жас ойыншысы атанды. Мбаппе 2026 жылғы әлем біріншілігіне де қатысты.
Жетістіктері
Командалық
Монако
- Франция чемпионы: 2016/17
- Франция чемпионы: 2017/18, 2018/19, 2019/20, 2021/22, 2022/23, 2023/24
- Француз Лигасының кубогы: 2017/18, 2019/20
- Франция кубогы: 2017/18, 2019/20, 2020/21, 2023/24
- Франция суперкубогы: 2019, 2020, 2023
- УЕФА Суперкубогы: 2024
- Құрлықаралық кубок: 2024
Жеке
- Франция чемпионатының үздік жас ойыншысы: 2016/17
- Golden Boy жүлдесінің иегері: 2017
- Франция чемпионатының үздік мергені (2): 2018/19, 2019/20
- Франциядағы жыл футболшысы (2): 2018, 2019
- Әлем чемпионатының үздік жас ойыншысы: 2018
- «Копа» олжасының иегері: 2018
- 1 (3) лигадағы ай ойыншысы: сәуір 2017, наурыз 2018 , тамыз 2018
- Алтын бутсы иегері:24/25
Сілтемелер
- Профилі — transfermarkt.com (ағыл.)
| ||||||||||||||||||
| ||||||
- 20 желтоқсанда туғандар
- 1998 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Франция футболшылары
- Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Футболдан әлем чемпиондары
- Монако ФК ойыншылары
- Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары
- Реал Мадрид ФК ойыншылары