Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Лидия Леонтьевна Ашрапова (26 тамыз 1935, Амга, Саха Республикасы — 21 сәуір 2023) — кеңестік және қазақстандық актриса. Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі.

Лидия Ашрапова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Лидия Ашрапова
Сурет
Ашрапова "Медеудегі кездесулер" фильмінде (1976 жыл)
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Лидия Леонтьевна Абдулкаримова

Туған күні

26 тамыз 1935 (1935-08-26)

Туған жері

Амга, Саха Республикасы, РКФСР

Қайтыс болған күні

21 сәуір 2023 (2023-04-21)(87 жас)

Азаматтығы

 Ресей
 КСРО (1935-1991)

Мамандығы

актриса

Белсенді жылдары

1955-1986

Лидия Леонтьевна Ашрапова (26 тамыз 1935, Амга, Саха Республикасы — 21 сәуір 2023) — кеңестік және қазақстандық актриса. Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі.

Өмірбаяны

1952 жылы Ташкент хореографиялық училищесін бітірген.

1952-1954 жылдары — Ташкент филармониясының актрисасы, 1956-1958 жылдары — Қазақ ән-би ансамблінің солисті, «Қазақфильм» киностудиясының актрисасы.

1989 жылдың 23 наурызынан Ашрапова «Эдельвейс» әйелдер киностудиясының көркем жетекшісі – Басқарма председателі ретінде тағайындалды.

90-шы жылдары "Қазақфильм" киностудиясындағы мансабын аяқтап, күйеуі Асхат Ашраповпен бірге Ресейге, Мәскеу облысына көшті. Бұл жақта ол өзінің шығармашылық қызметін жалғастырды.

1990 жылы Ашрапова күйеуімен бірге "Альянс" кинофирмасын құрды. Кинофирмада ол көркем жетекші-продюсер ретінде жұмыс атқарды.

Соңғы 17 жылын Ашрапова Қырымда науқас күйеуін қараумен өткізді.

Марапаттары мен атақтары

«Біз осында тұрамыз» (реж. Шәкен Айманов) фильміне түскені үшін «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталды.

Республикалардың көптеген мемлекеттік және кинематографиялық мақтау қағаздарымен марапатталған. Алматы қаласының Фрунзе аудандық кеңесі депутаты болып сайланған; Қазақ КСР кинематографистер одағы қарауындағы тұрғын үй-тұрмыстық комиссиясы председателінің орынбасары болды; Қазақстан әйел-кинематографистер ассоциациясының председателі болды.

Көп мәрте КСРО кинематографистер съездерінің делегаты болып сайланды. Ресей кинематографистер кеңесінің ардагері, Ресей киноактерлер гильдиясының мүшесі.

Фильмографиясы

  • 1955 - Қыз-жігіт - Ғалия Ерденова
  • 1955 - Ана мен бала - Сәуле
  • 1956 - Біз осында тұрамыз - Халида Торғынова
  • 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - актриса
  • 1957 - Арал балықшылары - Сенем
  • 1958 - Жерге қайтып оралу - Сабира
  • 1960 - Бір ауданда - Майра Баянова
  • 1961 - Егер біздің әрқайсымыз... - Маржан Серкебаева
  • 1963 - Әрі қалжың, әрі шын - Раушан
  • 1966 - Каниюта үңгірінің құпиясы - тұтқын әйел
  • 1967 - Арман-атаман - Арманның анасы
  • 1967 - Саманшының жолы - Гүлнұр
  • 1968 - Тақиялы періште - қонақ
  • 1969-1970 - Қыз Жібек - эпизод
  • 1970 - Атаманның ақыры - көрші
  • 1974 - Бәйшешектер - эпизод
  • 1975 - Гауһартас - Айша
  • 1976 - Медеудегі кездесулер - Клара Рахымбайқызы
  • 1978 - Қан мен тер - Құдаймендінің әйелі
  • 1979 - Даладағы қуғын - эпизод
  • 1979 - Күміс мүйіз Алатау - Егор Мергенбайдың әйелі
  • 1980 - Алтын күз - іс бастаушы
  • 1980 - Біз - ересекпіз - эпизод
  • 1980 - Мінезі қиын балалар - эпизод
  • 1981 - Мерекенің үш күні - жолаушы
  • 1986 - Түрксіб - Аманбайдың әйелі
Жоғары