Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Тибо Николя Марк Куртуа (фр. Thibaut Nicolas Marc Courtois; 1992 жыл 11 мамыр, Бре, Бельгия) — бельгиялық футболшы, Реал Мадрид футбол клубының және Бельгия ұлт

Тибо Куртуа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тибо Куртуа Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Тибо Николя Марк Куртуа

Туған күні

11 мамыр 1992 (1992-05-11)(34 жас)

Туған жері

Бре, Бельгия

Азаматтығы

Бельгия Бельгия

Бойы

200

Салмағы

88

Позиция

Қақпашы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Англия Реал Мадрид

Клуб карьерасы
2009—2011 Бельгия Генк 41 (-44)
2013—2018 Англия Челси (футбол клубы) 30 (4)
2011—2014 → Испания Атлетико Мадрид 111 (-94
2018— Испания Реал Мадрид 197 (-164)
Ұлттық құрамы
2009—2012 Бельгия Бельгия-21 4 (-?)
2013—  Бельгия 103 (-82)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Тибо Николя Марк Куртуа (фр. Thibaut Nicolas Marc Courtois; 1992 жыл 11 мамыр, Бре, Бельгия) — бельгиялық футболшы, Реал Мадрид футбол клубының және Бельгия ұлттық футбол құрамасының қақпашысы.

Мансабы

Клубтық

1997 жылы бес жасында туған қаласындағы "Билзен" клубының академиясына қабылданды. 1999 жылы "Генк" академиясына ауысты. 2009 жылы карьерасын осы клубта бастады. 17 сәуірде "Гент" клубына қарсы матчта тұңғыш рет кәсіби футболшы ретінде алаңға шықты. Бұл кезде оның жасы 17-ге де толмаған-ды.

2010-11 жылғы маусымда "Генктің" негізгі қақпашылары бірінен соң бірі жарақат алып, Куртуаға мүмкіндік ашылды. Куртуа мүмкіндікті құр жіберген жоқ, маусым соңына дейін негізгі құрамға орнығып үлгерді.

2011 жылы шілдеде "Челсиге" ауысты. Екі аптадан соң "Челси" сапында ьір ойында өткізбестен, "Атлеико Мадридке" жалға берілді. Мадридтік клуб оны "Манчестер Юнайтедке" ауысқан Давид Де Хеаның орнына шақырды. 2011 жылы 25 тамызда УЕФА Еуропа Лигасында "Витория Гимарайншқа" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты.

Арендаға сол кеткеннен "Челсиге" 2014 жылы ғана оралды. Осы аралықта бір рет Еуропа Лигасында, бір рет Испания чемпионатында топ жарды.

2018 жылы 8 тамызда "Реал Мадридке" ауысты. Жаңа клубта негізгі құрамға тез орнықты, Кейлор Навас бұл келген соң алаңға сирек шығатын болды да, 2019 жылы жазда "Пари Сен-Жерменге" ауысып кетті.

Тибо 2018/19 жылғы маусымда 27 рет алаңға шығып, 36 гол жіберді. Статистиканың төмендігіне қарамастан, бәрібір 2019/20 жылғы маусымда да негізгі құрамда қалды.

Ұлттық құрама

2011 ылы 3 маусымда Түркияға қарсы ЕУРО-2012 іріктеуінде тұңғыш рет ұлттық құрамаға шақырту алды. Тұңғыш ойынын сол жылы 15 қарашада Францияға қарсы өткізді.

2014, 2018 жылдары әлем чемпионатына, 2016 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Командалық

«Генк»

  • Бельгия чемпионы: 2010/11
  • Бельгия кубогы: 2009

«Атлетико» Мадрид

  • Испания чемпионы: 2013/14
  • УЕФА Еуропа лигасы: 2012
  • УЕФА суперкубогы: 2012
  • Испания кубогы: 2013

«Челси»

  • Англия чемпионы (2): 2014/15, 2016/17
  • Англия кубогы: 2017/18
  • Лига кубогы: 2015

Реал Мадрид

  • Клубтар әлем чемпионаты (1): 2018
  • Испания чемпионы: 2019/20
  • Испания суперкубогы: 2019

Жеке

  • Бельгия чемпионатының үздік қақпашысы: 2011
  • «Генк» жыл ойыншысы: 2011
  • Самора жүлдесі (2): 2013, 2014
  • Испания чемпионатының үздік қақпашысы: 2013
  • Бельгия жыл спортшысы: 2014

Cілтемелер

Жоғары