Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

53°24′36″ с. е. 65°39′36″ ш. б. / 53.41000° с. е. 65.66000° ш. б. / 53.41000; 65.66000 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°24′36″ с. е. 65°39′36″ ш. б. / 53.41000° с. е

Урицкий ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Қазақстан ауданы
Сарыкөл ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Қостанай облысы

Аудан орталығы

Сарыкөл

Ауылдық округтер саны

11

Кенттік әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

23

Әкімі

Марат Лесбекұлы Шымырбеков

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Сарыкөл кенті, Тәуелсіздік көшесі, №72

Тарихы мен географиясы
Координаттары

53°24′36″ с. е. 65°39′36″ ш. б. / 53.41000° с. е. 65.66000° ш. б. / 53.41000; 65.66000 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°24′36″ с. е. 65°39′36″ ш. б. / 53.41000° с. е. 65.66000° ш. б. / 53.41000; 65.66000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1936 жыл

Жер аумағы

6 116 км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

17 488 адам (2023)

Ұлттық құрамы

орыстар (42,55%)
қазақтар (29,41%)
украиндар (18,08%)
немістер (2,97%)
белорустар (2,85%)
басқалары (4,14%)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

10

Сарыкөл ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Сарыкөл ауданы

Сарыкөл ауданы — Қостанай облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Орталығы — Сарыкөл кенті. Аудан аумағы 6 116 шаршы километрді алып жатыр.

Географиялық орны

Батысында Меңдіқара, Алтынсарин, оңтүстігінде Қарасу, солтүстігінде Ұзынкөл, шығысында СҚО-ның Ғабит Мүсірепов, Тимирязев аудандарымен шектеседі.

Халқы

19391959197019791989199920092021
 21903▲28894▲46670▲46733▼39363▼31087▼24785▼19377

Тұрғындар саны – 20 553 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 31,19%, орыстар – 40,64%, украиндар – 18,24%, немістер – 2,89%, беларустар – 2,85%, татарлар – 0,75%, молдовандар – 0,47%, башқұрттар – 0,47%, әзербайжандар – 0,45%, поляктар – 0,29%, чуваштар – 0,29%, удмурттар – 0,26%, басқа ұлт өкілдері – 1,21%.

Әкімшілік бөлінісі

23 елді мекен 6 ауылдық, 1 кенттік әкімдік пен 5 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлікОрталығыЕлді мекендеріХалқы (2021)
Барвинов ауылдық әкімдігіБарвиновка ауылы1▼1094
Большие Дубравы ауылдық әкімдігіБольшие Дубравы ауылы1▼459
Веселоподол ауылдық округіВесёлый Подол ауылы2▼780
Златоуст ауылдық әкімдігіЗлатоуст ауылы1▼805
Комсомол ауылдық округіКомсомольское ауылы4▼874
Маяк ауылдық әкімдігіМаяк ауылы1▼661
Сарыкөл кенттік әкімдігіСарыкөл кенті1▼8738
Севастополь ауылдық округіСевастополь ауылы2▼719
Сорочин ауылдық округіСорочинка ауылы5▼1765
Тагиль ауылдық округіТагильское ауылы3▼973
Тимирязев ауылдық әкімдігіТимирязевка ауылы1▼813
Урожайный ауылдық әкімдігіУрожайное ауылы1▼375

Шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы аудан экономикасында 94 пайызын құрайды. Тауар өнімінің негізгі түрі – бидай. Аудында 21 ЖШС, бір өндірістік кооператив және 775 шаруа қожалықтары бар. Ауданда элеваторлар және нан қабылдау пункттері, шұжық цехтары, шағын наубайханалар, ағаш өңдеу цехтары, макарон және жиһаз жасау цехтары, төрт диірмен бар. Шағын кәсіпкерліктің субъектілері 1405 кәсіпорындармен және жеке кәсіпкерлермен ұсынылады.

Әлеуметтік құрылымдары

Аудандық орталық ауруханасы, 8 дәрігерлік амбулаториясы, 18 медпункттері 20 орта, 8 негізгі және 6 бастауыш мектептер, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі, өнер мектебі. Мектептердің оқу жабдықтары қазіргі заман талабына сай. Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінде жеті мамандықтар бойынша білім береді. Аудандық мәдениет үйінде жас жұбайлар некелерін тіркейді. Балалар бақшаларында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және оқыту үшін барлық жағдайлар жасалған.

Жоғары