Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Хабидолла Тастанов (12 шілде 1926, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы – 5 маусым, 1980, Алматы) – музыкатанушы, педагог, домбырашы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өне

Хабидолла Тастанов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Хабидолла Тастанов (12 шілде 1926, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы – 5 маусым, 1980, Алматы) – музыкатанушы, педагог, домбырашы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1972).

Өмірбаяны

  • 1950 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) домбыра класын бітірген. Қ.Жантілеуовтің шәкірті.
  • 1950 жылдан осы консерваторияның халық аспаптары кафедрасында ұстаздық (1980 жылдан профессор) етті.
  • 1959 – 61 ж. КСРО Мәдениет министрлігінің жолдамасымен Ұланбатыр қаласында (Моңғолия) моңғол өнері онкүндігін ұйымдастыру және өткізу жұмысына басшылық етті. Баян-Өлгий музыкалық-драма театры жанында қазақтың тұңғыш халық аспаптар оркестрін ұйымдастырды. Осы еңбектері үшін 1960 ж. Моңғолияның “Алтын жұлдыз” орденімен марапатталды.

Оқулық кітаптары

  • Домбыра оркестрін қалай ұйымдастыру керек, А., 1956;
  • Пьесалар. Домбыра үшін, А., 1957;
  • Алғашқы домбыра үйрену мектебі, А., 1966;
  • Домбыраға арналған этюдтер мен пьесалар, А., 1966; Қуанамын. Партитура, А., 1977.

Аспаптық және вокалдық шығармалары

  • “Алатау аясында”
  • “Тыңға аттану”
  • “Қазақ биі”
  • “Толғану”
  • “Қуанамын”
  • “Романс”, т.б.

Марапаттары

  • Моңғолияның “Алтын жұлдыз” ордені (1960 ж.)
Жоғары