| Хүррем сұлтан | |
| خرم سلطان Хасеки Хүррем сұлтан | |
Тицианның "La Sultana Rossa" атты суреті. 1550 жыл | |
| Туған кездегі есімі | Анастасия немесе Александра Лисовская |
|---|---|
| Туған күні | 1502 жыл немесе 1505 жыл |
| Туған жері | Рутения, Роксоланки |
| Қайтыс болған күні | 1558 |
| Қайтыс болған жері | Константиние, |
| Азаматтығы | |
| Ұлты | Украин |
| Әкесі | Гавриил Лисовский |
| Жұбайы | |
| Балалары | Ұлдары: |
Хүррем сұлтан (осман. خرم سلطان — Haseki Hürrem Sultan; Еуропа әдебиетінде Роксолана (лат. Roxolana) деген есіммен белгілі) — Османлы падишахы сұлтан Сүлейменнің күңі, кейіннен, некелі жары , II Сәлімнің анасы. Ұлы Османлы Мемлекеті тарихындағы ең беделді әйел, "қатындар сұлтанаты" дәуірінің бастамашысы.
Шығу тегі
Хүррем сұлтанның гаремге дейінгі өмірі жайлы ешқандай дерексөздер мен сенімді жазбаша дәлелдер жоқ. Әдеби шығармаларда оның шығу тегі жайлы аңыздар пайда болды.
Фактілер
Хүреммнің шығу тегі, туылуы туралы акпараттар біраз даулы әрі келелі болып келеді.
Еуропада Хүррем Роксолана ретінде әйгілі болды. Бұл атауды алғаш рет 1589 жылы Парижде латын тілінде шыққан "түрік жазбалары" (лат. Legationis Turciacae epistolae quatuor İV). Бұл жазбада ол Хүрремнің XVI ғасырдың аяғында Роксолания деген территориядан шыққан деген болжамды шығу тегіне сүйене отырып, оны Роксолана деп атады. (Страбон Солтүстік Қара теңіз аймағының тұрғындары деп атаған Роксолана тайпасынан)
Ал, Венеция елшісі Бернард Наваджеро Хүрремді орыс дейді: "[donna]...di nazione russa". Басқа венецияндық елші Джованни Баттиста Тревизано оны - "Русиядан шыққан сұлтан": "Sultana, ch'è di Russia".
Өнерде
Түркия «Ғаламат ғасыр» телехикаясы (2011-2014, Хүррем сұлтан рөлінде — Мәриям Үзерлі, Вахиде Перчин).
Украина «Роксолана (телехикая)» (1996-2003, Хүррем сұлтан рөлінде - Раиса Степановна Недашковская)
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 1558 жылы қайтыс болғандар
- Ыстанбұлда қайтыс болғандар
