| Қазақстандағы қарақалпақтар | |
| Qaraqalpaqlar / қарақалпақлар | |
| Ең көп таралған аймақтар | |
|---|---|
|
| |
| 32 189 (2026 санақ) | |
| Тілдері | |
| Діні | |
| ислам суннитік бағыт |
Қазақстандағы қарақалпақтар (қарақ. Qazaqstandaǵı qaraqalpaqlar) — Қазақстан Республикасында тұратын қарақалпақ халқының өкілдері. Ноғайлармен қатар, тілі мен мәдениеті жағынан қазақтарға ең жақын халықтардың бірі болып табылады.
2026 жылдың басындағы халық санағының мәліметтері бойынша, олардың саны 32 189 адамды құрайды. Өзбектермен қатар қарақалпақтар да саны тез өсіп келе жатқан этностардың қатарына жатады.
Тарихы
Қарақалпақтардың арғы аталары ретінде бешенектер, ал кейінірек қыпшақтар саналады. XVIII ғасырдың ортасына дейін қарақалпақтар Сырдарияның орта және төменгі ағыстарын мекендеген. XVIII ғасырдың ортасында олардың басым бөлігі Сырдарияның ежелгі атырауының оңтүстік тармағы — Жаңадарияға қоныс аударды. «Қарақалпақ» этнонимінің өзі «қара қалпақ киген халық» деген мағынаны білдіреді және қазіргі Қарақалпақстан аумағында өмір сүрген бешенек тайпаларының бір бөлігінің қара қой жүнінен жасалған қалпақ кигенімен байланысты. Орыс жылнамаларында олар «черные клобуки», ал моңғол деректерінде «кара малахайли» деп аталған.
Тарихи деректерге сәйкес, X ғасырда бешенек тайпалары Шығыстан келген түркі тайпаларының жаңа шапқыншылығына байланысты қазіргі Қарақалпақстан аумағынан Ресейдің оңтүстігіне қарай қоныс аударған. Онда олар қалмақ тайпаларының соққысынан ыдырағанға дейін Ноғай хандығының құрамында болды. Кейін бешенектер атақонысына оралып, осы кезден бастап қарақалпақтар ретінде атала бастады.
1714 жылы қарақалпақтар тайпа көсемдерінің бірі Есмұхаммедханның (Есімхан) басшылығымен Арал маңы мен Сырдарияның төменгі ағысында өз мемлекетін — Қарақалпақ хандығын құрды. Алайда 1723 жылы ол сол қалмақтардың соққысынан ыдырап кетті. Қарақалпақ мемлекеті екі бөлікке бөлінді: олардың бір бөлігін құраған тайпалар Ташкент бағытына қарай қоныс аударып, өздерін «жоғарғы қарақалпақтар» деп атады, ал қалғандары Сырдарияның төменгі ағысында қалып, «төменгі қарақалпақтар» деген атауға ие болды. Соңғылары қазақ тайпаларымен бірге Ресей императорына бодандыққа қабылдау туралы өтінішпен елшілік жіберіп, 1735 жылы Ресей империясының бодандығына өтті.
1730-жылдары Филипп Иоганн фон Страленберг дала ордаларын сипаттай отырып, қазақ және қарақалпақ ордаларының «одағы» туралы атап өтеді.
| “ | «...Екінші тарауы — Азия жұрты хақындағы бөлім. Мұны Өзбек хан атымен сабақтастыруға болады. Бұл қатарға Каспий теңізінің шығыс жағасында қоныс қылған түрікмендер, өздерін өзбек деп атаған жұрт және Қазақ Ордасы кіреді. Сондай-ақ қазақтармен одақтас болған Қарақалпақ Ордасы да осы қауымның ішінде саналады.» | ” |
Филипп Иоганн фон Страленберг, Солтүстік және Шығыс Еуропа мен Азияның тарихи-географиялық сипаттамасы | ||
XIX ғасырдың басындағы француз этнографиялық әдебиеттерінде де екі халықтың өзара достық қарым-қатынаста әрі одақтас болғаны жазылған.
| “ | «...Маңқатылар, яки қарақалпақтар — қазақтардың достары һәм одақтастары, һәм олар секілді атақты қарақшылар. Бұл екі орда өздерін мұсылман деп атайды, бірақ Құранның не екенінен хабарсыз; бұларда не молда, не мешіт жоқ.» | ” |
XVI ғасырдың соңына жататын тарихи деректер қарақалпақтардың Сырдария бойындағы Сығанақ қаласының төңірегін мекендеген қазақтармен көршілес қоныстанып, олармен экономикалық байланыста болғанын көрсетеді. XVII ғасырдың басында Бұхара ханы Имамқұл (1611—1642) Сырдария жағалауына жорық аттанды. Оған қарсы қазақтар мен қарақалпақтар күш біріктіріп, бірлесіп күресті. Қарақалпақтардың қазақ хандарының әскерлері құрамында жоңғарларға қарсы соғыстарға қатысқаны да белгілі. Тәуке ханның билігі тұсында қарақалпақтар Қазақ хандығына бағынышты болды. «Ақтабан шұбырынды» жылдарында қарақалпақтар қазақтармен бірге Бұхара және Хиуа хандықтарының шекарасына қарай қоныс аударды. Кейін қарақалпақтар: «төменгі» және «жоғарғы» қарақалпақтар деп екіге бөлінді. Жоғарғы қарақалпақтар Сырдарияның жоғарғы ағысына көтеріліп, Ташкент бағытына қарай қоныс аударды. Ал төменгі қарақалпақтар Әбілқайыр ханға бағынып, Сырдарияның төменгі ағысына қоныстанды. 1731 жылы олар Кіші жүз қазақтарымен бірге Ресей империясының бодандығына өтті. 1743 жылы қарақалпақтар Әбілқайыр ханға салық пен алым төлеуден бас тартты. Бұған жауап ретінде хан оларға тұтқиылдан шабуыл жасап, шамамен 300 мың қарақалпақ түтінін (1 500 000 адам) қырып-жойып, 40 мыңға жуық бас малды айдап әкетті. Осыдан кейін қарақалпақтардың бір бөлігі «жоғарғы» қарақалпақтарға қарай қоныс аударса, қалғандары Хиуа хандығының шекарасына қоныстанды. XIX ғасырдың екінші жартысында олар Хиуа ханына бағынып, Сырдарияның төменгі сағасына түпкілікті қоныстанды.
Кеңестік республикалар қалыптасқан кезеңде Қарақалпақ автономиялы облысы алғашында Қазақ АСКР-інің құрамында болды. Алайда 1936 жылы түпкілікті Өзбек КСР-інің құрамына кірді.
КСРО ыдырап, саяси тұрақсыздық орын алғаннан кейін көптеген қарақалпақтар қазақтармен бірге Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс аударды.
Халқы саны
| Жылы | Қазақстандағы қарақалпақтардың саны |
|---|---|
| 1926 | 2059 |
| 1979 | 620 |
| 1989 | 1387 |
| 1999 | 1497 |
| 2009 | 2828 |
| 2021 | 20 007 |
| 2025 | 28 931 |
Ұйымдары
1999 жылдан бастап Маңғыстау облысында қарақалпақ тілін сақтауға, сондай-ақ Маңғыстау тұрғындарына Қарақалпақстанның мәдениеті мен тарихын таныстыруға бағытталған «Аллаяр жолы» этномәдени бірлестігі жұмыс істейді. 2009 жылы 22 желтоқсанда оның негізінде «Аллаяр жолы-Ақтау» қарақалпақ этномәдени бірлестігі» құрылды. Атырау облысында «Еділ-Жайық» этномәдени бірлестігі тіркелген.
Тағы қараңыз
- Алфавит бойынша этникалық топтар
- Қазақстан этникалық топтары
- Қарақалпақтар