Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қарайым тілі Украинаның Қырым т.б. облыстары мен Литваның Тракай ауданы және Польшаға таралған. 1959 жылғы халық санағы бойынша КСРО-дағы 5900 қарайымның 16,5 %

Қарайым тілі

  • Басты бет
  • Қарайым тілі

Қарайым тілі — түркі тілдері жанұясының қыпшақ тобына жататын тіл.

Қарайым тілі

Жоғарыдан төмен: кирил мен латын (Қырым диалекті); латын (Тракай диалекті); еврей мен латын (дәстүрлі) жазуларындағы қарайым тілі.
Өз атауы:

къарай тили

Елдер:

Литва, Польша, Украина

Аймақтар:

Қырым, Галиция, Тракай

Ресми күйі:

 Польша (азшылық тілі)
 Украина (азшылық тілі)

Классификация
Санаты:

Еуразия тілдері

Түркі тілдері

қыпшақ тобы
қарайым тілі
Жазуы:

кирил, латын, еврей

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

каи 270

ISO 639-1:

—

ISO 639-2:

—

ISO 639-3:

kdr

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Қарайым тілі Украинаның Қырым т.б. облыстары мен Литваның Тракай ауданы және Польшаға таралған. 1959 жылғы халық санағы бойынша КСРО-дағы 5900 қарайымның 16,5 %-ы ана тілін қарайым тілі деп есептеген.

Әдеби тілі жоқ, бұрын (1840 жылдан бастап) кітап, журнал басқанда көне еврей, латын, орыс алфавиттерін қолданған. Қарайым тілі үш диалектіге бөлінеді: Тракай-Литвадағы қарапайымдардың ч мен айтатын диалекті, («ач»-аш) ; галич-Батыс Украинадағы қарайымдардың ц мен айтатын диалекті, («ац»-аш); Қырым диалекті татарлардың тілінің әсерімен біраз өзгеріске ұшыраған. Ерекшеліктері: галич диалектінде басқа диалектілердегі «ө», «ү» дыбыстарының орнына «е»,»и» қолданады; «гел» («көл»), «тиш» («түс»); жіктеу есімдіктері барыс септікте «мана»,»майа» («маған»), «сана», «сайа» («саған») түрінде қолданылады. Синтаксисінде славян тілдерінің әсері күшті. Сөздік қорында бір жағынан көне сөздер сақталып қалса («өксиз» («жетім»), «өбге» («ата-баба»), т.б.), екінші жағынан орыс, поляк, литван, украин, белорус, грек, итальян тілдерінің әсері бар.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 09, 2026

    Шыңғырлау ауылдық округі

  • Сәуір 10, 2026

    Банту тілдері

  • Сәуір 16, 2026

    Дәуіт (ауыл)

  • Сәуір 07, 2026

    Батырлық жырлар

  • Сәуір 09, 2026

    Әл-Уақи'а сүресі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары