| Қараш жотасы | |
Қараш жотасының жартасты беткейі | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | |
| Пайда болған кезеңі | Плиоцен дәуірінде және төрттік кезеңнің басы |
| Ұзындығы | 32 км |
| Ені | 12 км |
| Биіктігі | 3008 м |
| Орналасуы | |
| 43°18′53″ с. е. 77°52′01″ ш. б. / 43.31472° с. е. 77.86694° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°18′53″ с. е. 77°52′01″ ш. б. / 43.31472° с. е. 77.86694° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Қараш – Іле Алатауындағы жота. Негізі тау сілемдерінен оқшаулана орналасқан.
Географиялық орны
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жерінде, батыстан шығысқа қарай 32 км-ге созылған, енді тұсы 12 км. Ең биік жері 3008 м. Батысы Түрген өзені мен шығысы Бақай тауымен шектелген.
Геологиялық құрылымы және сипаты
Жота плиоцен дәуірінде және төрттік кезеңнің басында тау түзілу процестері нәтижесінде пайда болған. Гранит, гранодиорит, әктас, тақтатастан түзілген. Солтүстік беткейі тіктеу, жарқабақты, шатқалдармен тілімделген, оңтүстік беткейі жайпақтау. Жотаның бұл бөлігінен Шіліктің саласы — Асы өзені ағады. Солтүстік беткейінен Түрген, Белшабдар, Киікбай, Шолақ, т.б. өзендер бастау алады. Қараштың батысына таяу жерде Жамбас (2732 м) және шығысында Құмбел асулары бар. М.Әуезовтің Қараш-Қараш повесінде осы Қараш жотасының табиғаты Бақтығұлдың психологиялық жай-күйімен астастыра суреттеледі.
Өсімдігі
Солтүстік бөлігінің тау баурайында шалғын шөп, қараған, терек, қайың, алма, өрік, алмұрт ағаштары, тауалды жазығында бұта аралас әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер өскен. Қараштың бұл өңірі егістікке молынан пайдаланылады.
- Алфавит бойынша тау жоталары
- Еңбекшіқазақ ауданы таулары
- Іле Алатауы

