Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

«Құтырған бұқа» (ағылш. Raging Bull) — 1980 жылы жарыққа шыққан режиссер Мартин Скорсезенің америкалық өмірбаяндық спорттық драмасы. Фильм сценарийін Пол Шредер

Құтырған бұқа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Құтырған бұқа
ағылш. Raging Bull
Фильмнің постері
Кунио Хагионың түпнұсқа постері
Жанры

өмірбаян, спорттық фильм, драма

Режиссёрі

Мартин Скорсезе

Продюсері

Ирвин Уинклер
Роберт Чартофф

Сценарийдің авторы

Пол Шредер
Мардик Мартин
Джейк Ламоттаның «Raging Bull: My Story» атты естеліктеріне негізделген

Басты рөлдерде

Роберт Де Ниро
Джо Пеши
Кэти Мориарти
Николас Коласанто
Тереза Салдана
Фрэнк Винсент

Операторы

Майкл Чепмен

Кинокомпания

Chartoff-Winkler Productions

Дистрибьютор

United Artists

Ұзақтығы

129 мин.

Бюджеті

18 млн $

Кассалық түсімі

23,4 млн $

Мемлекет

 АҚШ

Тілі

ағылшын

Шыққан жылы

1980

IMDb

ID 0081398

Ортаққордағы Құтырған бұқа

«Құтырған бұқа» (ағылш. Raging Bull) — 1980 жылы жарыққа шыққан режиссер Мартин Скорсезенің америкалық өмірбаяндық спорттық драмасы. Фильм сценарийін Пол Шредер мен Мардик Мартин боксшы Джейк Ламоттаның 1970 жылғы «Raging Bull: My Story» атты мемуарының негізінде жазып шыққан. Туындының басты рөлін Роберт Де Ниро сомдады; ол мұнда ашушаңдығы мен шектен тыс қызғанышының кесірінен жеке өмірі күйреген орта салмақтағы бұрынғы бокс чемпионы Джейк Ламоттаның бейнесін ашады.

«Құтырған бұқа» фильмінің тұсаукесері 1980 жылдың 14 қарашасында Нью-Йоркте өтіп, сол жылдың желтоқсанында кең прокатқа жол тартты. 18 миллион доллар бюджетпен түсірілген туынды кассада 23,4 миллион доллар жинап, алғашқыда қаржылық тұрғыдан аса табысты бола қоймады. Сыншылардың пікірі де екіге жарылды: Роберт Де Нироның актерлік ойыны мен шебер монтажға тәнті болғандар көп болғанымен, фильмдегі қатыгездік көріністері өткір сынға ұшырады. Соған қарамастан, «Құтырған бұқа» 53-ші «Оскар» марапатына сегіз номинация бойынша ұсынылып, екі жүлдені иеленді: Роберт Де Ниро «Үздік актер», ал Тельма Скунмейкер «Үздік монтаж» номинацияларында жеңіске жетті.

Шыққаннан кейінгі онжылдықтар ішінде «Құтырған бұқа» әлемдік кино тарихындағы ең ұлы фильмдердің бірі ретінде танылды. 1990 жылы бұл туынды «мәдени, тарихи немесе эстетикалық маңызды» деп танылып, Конгресс кітапханасының АҚШ фильмдерінің ұлттық тізіліміне сақтау үшін таңдалған алғашқы фильмдердің бірі болды. 2007 жылы Америка кино институты «Құтырған бұқаны» барлық уақыттағы ең үздік америкалық фильмдер тізімінде төртінші орынға қойды.

Сюжеті

Фильм желісі 1960-жылдары қартайған Джейк Ламоттаның өз мансабы мен өткен өмірін еске алуы түрінде өрбиді. 1941 жылы он тоғыз жастағы итальян текті америкалық Джейк кәсіпқой рингте бой көрсете бастайды. Оның ағасы Джоуи бапкері әрі промоутері болады. 1943 жылы Джейк атақты Шугар Рэй Робинсонды жеңіп, орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін күресті бастайды. 1947 жылы Джейк небәрі 16 жастағы Викиге үйленеді.

Алайда отбасылық өмір алғашқы жылдардан-ақ сәтсіз болады. Джейк әйелін үнемі опасыздық жасады деп күдіктеніп, ұсақ-түйекке бола жанжал шығарып, оны жиі соққыға жығады. Спортшыға рингте көмектескен асау мінезі өмірде ықпалды адамдармен тіл табысуына кедергі келтіреді. Ламотта жергілікті мафиядан келісілген жекпе-жектер өткізу туралы ұсыныстар алғанымен, өз мансабын ешкімге тәуелсіз, өз күшімен құрғысы келетінін аңғартады. Тіпті ағасының «икемдірек бол» деген үгіт-насихаты да көмектеспейді. Осы қасарысқан мінезі үшін ол төрешілердің сорақы әділетсіздігіне жиі тап болады.

Ақыры Ламотта мафияның айтқанына көніп, бір жекпе-жекте әдейі жеңілуге келіседі. Бірақ кейін комиссия бұл кездесудің «келісілген» екенін анықтайды. Бұл жеңіліс мафия уәде еткендей Джейкке атақ пен абырой әкелмейді. Тек 1949 жылы ғана Ламотта Марсель Серданмен өткен шайқаста көптен күткен чемпиондық белбеуді жеңіп алады.

Кезекті жанжал кезінде Джейк ағасы Джоуиден «Викимен көңіл қостың ба?» деп сұрайды. Ағасы жауап беруден бас тартса, Вики қызғаншақ күйеуіне ашынып: «Иә, бүкіл ауданмен, соның ішінде Джоуимен де болдым» деп мысқылмен жауап қатады. Ашуға булыққан Джейк ағасын оның әйелі мен балаларының көзінше аяусыз сабайды. Осыдан кейін ағайындылардың қарым-қатынасы біржола суып, Джейктің мансабы құлдырай бастайды.

1956 жылы рингтегі сәтсіздіктерден кейін Ламотта спорттан кетеді. Ол түнгі клуб сатып алып, шоу-бизнеске ауысады, бірақ ісі оңға баспайды. Вики онымен ажырасатынын және бұдан былай балаларын көре алмайтынын айтады. Көп ұзамай полиция оны кәмелетке толмағандарды азғырды деп айыптайды. Джейктің адвокат жалдауға немесе пара беруге ақшасы болмай, чемпиондық белбеуіндегі асыл тастарды кепілге қоюға тырысады, бірақ ол да жетпейді. Нәтижесінде Джейк түрмеге жабылады.

1964 жылы есейген Ламотта екінші сортты клубта конферансье болып жұмыс істейді. Бірде ол көшеде кездейсоқ Джоуиді жолықтырып, татуласуға тырысады. Алайда ағасы оны суық қарсы алып, бұдан былай ешқандай ортақ ісі болмайтынын кесіп айтады.

Рөлдерде

Актёр Рөлі
Роберт Де Ниро Джейк Ламотта Джейк Ламотта
Джо Пеши Джоуи Ламотта Джоуи Ламотта
Кэти Мориарти Викки Тейлер Ламотта Викки Тейлер Ламотта
Фрэнк Винсент Салви «Баттс» Салви «Баттс»
Тереза Салдана Ленор Ленор
Николас Коласанто Томми Комо Томми Комо
Марио Галло Марио Марио
Фрэнк Адонис Патси Патси
Джон Туртурро клубтағы адам клубтағы адам (титрда көрсетілмеген)

Марапаттары мен номинациялары

Марапаттары мен номинациялары
Марапат Санат Номинант Нәтиже
Оскар Үздік фильм Ирвин Уинклер, Роберт Чартофф Номинация
Үздік режиссёр Мартин Скорсезе Номинация
Үздік актер Роберт Де Ниро Жеңді
Үздік көмекші актер Джо Пеши Номинация
Үздік көмекші актриса Кэти Мориарти Номинация
Үздік операторлық жұмыс Майкл Чепмен Номинация
Үздік монтаж Тельма Скунмейкер Жеңді
Үздік дыбыс Дональд О. Митчелл, Билл Николсон, Дэвид Дж. Кимбалл, Лес Лазаровиц Номинация
BAFTA Үздік актер Роберт Де Ниро Номинация
Үздік монтаж Тельма Скунмейкер Жеңді
Ең үздік дебют (басты рөлде) Джо Пеши Жеңді
Кэти Мориарти Номинация
Алтын глобус Үздік фильм — драма «Құтырған бұқа» Номинация
Үздік режиссер Мартин Скорсезе Номинация
Үздік актер — драма Роберт Де Ниро Жеңді
Үздік көмекші актер Джо Пеши Номинация
Үздік көмекші актриса Кэти Мориарти Номинация
Үздік сценарий Пол Шредер, Мардик Мартин Номинация
Жылдың жаңа жұлдызы Кэти Мориарти Номинация
АҚШ режиссерлер гильдиясы Үздік режиссерлік жетістік (толық метражды фильм) Мартин Скорсезе Номинация
Ұлттық киносыншылар кеңесі Үздік он фильм 2-орын
Үздік актер Роберт Де Ниро Жеңді
Үздік көмекші актер Джо Пеши Жеңді

Америка кино институты (AFI) рейтингтері

  • 100 жыл… 100 фильм: № 24 (1998 тізімі), № 4 (2007 тізімі)
  • 100 жыл… 100 шытырман оқиғалы фильм — №51
  • 100 жанрлық фильм: спорттық фильм — № 1
Жоғары