Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қарағанды облысы Осакаров және Нұра аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 115 км, су жиналатын алабы 3150 км2.

Үлкен Құндызды

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Үлкен Құндызды өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 115 км
Су алабының
ауданы
3150 км²
Су алабы Нұра алабы
Су ағысы
Бастауы Қоянды тауының оңтүстігінен және Батпақты ауылының батысы
  Координаттары 50°25′39″ с. е. 72°30′21″ ш. б. / 50.42750° с. е. 72.50583° ш. б. / 50.42750; 72.50583 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Нұра өзені
  Орналасқан жері 50.258101, 71.504828
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Қарағанды облысы Осакаров және Нұра аудандары

Үлкен Құндызды – Нұра алабындағы өзен.

Географиялық орны

Қарағанды облысы Осакаров және Нұра аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 115 км, су жиналатын алабы 3150 км2.

Бастауы

Қоянды тауының оңтүстігінен және Батпақты ауылының батысынан басталып, Құндызды өзенінің сағасынан 8 км жоғары жерде Бала Құндызды өзенімен қосылып Нұраға құятын Құндызды өзенін құрайды.

Гидрологиясы

Аңғары кең, жағасы көп жерінде жарқабақты. Жауын-шашын және жер асты суымен толығады. Көктемде деңгейі көтеріліп, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Орташа көп жылдық су ағымы Сұңқар ауылы тұсында 0,55 м³/с. Қарашада қатып, сәуірде мұзы түседі. Басты салалары: Елтоқ, Топан, Сабырқожа. Бұлардан басқа, ұзындығы 10 км-ден аспайтын, жалпы ұзындығы 49 км болатын 25 ұсақ саласы бар. Өзенде алабұға, мөңке, тасбас, оңғақ, шортан т.б. балықтар кездеседі.

Жоғары