Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ұшқаттар тұқымдасы (лат. Caprifoliaceae) – бұта, жартылай бұта, кейде ағаш немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Дүние жүзінде солтүстік және қоңыржай аймақтар

Ұшқаттар тұқымдасы

  • Басты бет
  • Ұшқаттар тұқымдасы

Ұшқаттар тұқымдасы (лат. Caprifoliaceae) – бұта, жартылай бұта, кейде ағаш немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Дүние жүзінде солтүстік және қоңыржай аймақтарда тараған 15 туысы, 500-дей түрі белгілі. Қазақстанда 6 туысы, 27 түрі бар. Жиі кездесетін туыстары — ұшқат, және линнея (жалманақ). Жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты және аралас ормандар арасында өседі. Ұшқаттар тұқымдасының жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, бөбе жапырақшасы ұсақ, тіпті жоқтың қасы. Гүлшоғырындағы гүлдері әр түрлі 5 мүшелі, қосжынысты. Күлтесі доңғалақша, табақша, қоңырауша, кейде түтікшеге ұқсас. Аталығы 5, аналығы 1, жатыны төмен орналасқан, 2—5 біріккен жеміс жапырақшасынан тұрады. Аналық мойны қысқа, жуан немесе ұзын, жіпше тәрізді. Жемісі — қорапша, сүйекше, бір немесе бірнеше тұқымды жидек. Ұшқаттар тұқымдасына жататын өсімдіктерді бауларда, саябақтарда, орман ш-нда жылжымалы тау беткейлерін бекітуге өсіреді; көлеңкелі жерде өскен ағаштың өзегі ботаникада анат. кесіндіні бекіту үшін пайдаланылады. Бұлардың дәрілік, бояулық, шірнелі, техникалық маңызы зор. Кейбір түрлерінің жидектері тағам ретінде пайдаланылады. Көпшілік түрілері негізінен дәрілік және мәдени өсімдіктер.

Ұшқаттар
Lonicera japonica
Lonicera japonica
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Dipsacales
Тұқымдасы: Caprifoliaceae
Juss.
Тектері

See text.

Бақ ұшқаты

Кіші тұқымдастары мен тектері

Diervilloideae

  • Diervilla: 3 түр
  • Weigela: 10 түр

Caprifolioideae s.l.

  • Heptacodium: 1 түр
  • Leycesteria: 6 түр
  • Lonicera (ұшқат): 180 түр
  • Symphoricarpos: 17 түр
  • Triosteum: 6 түр

Linnaeoideae

  • Abelia: 30 species
  • Dipelta: 4 түр
  • Kolkwitzia: 1 түр
  • Linnaea (терістік линнея): 1 түр

Morinoideae

  • Cryptothladia
  • Morina
  • Zabelia

Dipsacoideae – Қожакендір тұқымдасы

  • Acanthocalyx: 3 түр
  • Dipsacus (қожакендір): 15 түр
  • Pterocephalus: 25 түр
  • Scabiosa (қотырот): 30 түр
  • Triplostegia

Valerianoideae

  • Centranthus: 12 түр
  • Fedia
  • Nardostachys : 3 түр
  • Patrinia (тасшүйгін): 17 түр
  • Plectritis: 5 түр
  • Valeriana (шүйіншөп): 125 түр
  • Valerianella (жеміл): 20 түр
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 10, 2026

    Талапты (Жуалы ауданы)

  • Сәуір 07, 2026

    Индер ауданы

  • Сәуір 05, 2026

    Ислам күнтізбесі

  • Сәуір 03, 2026

    Уақытша үкімет

  • Сәуір 05, 2026

    Болат хан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары