Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Әскери тәртіп (орыс. Воинская дисциплина, ағылш. Military discipline) — барлық жауынгерлердің заң мен әскери жарғыда белгіленген тәртіп пен ережені бұлжытпай ор

Әскери тәртіп

  • Басты бет
  • Әскери тәртіп

Әскери тәртіп (орыс. Воинская дисциплина, ағылш. Military discipline) — барлық жауынгерлердің заң мен әскери жарғыда белгіленген тәртіп пен ережені бұлжытпай орындауы. Қарулы Күштердегі Әскери тәртіп әрбір жауынгердің өз әскери міндетін сапалы атқаруына, өзінің Отанын қорғауға жауапты екенін түсінуіне негізделеді. Жауынгерлер үшін Әскери тәртіп — командирге, басшыға сөзсіз бағыну, олардың бұйрықтары мен жарлықтарын дер кезінде, дәлме-дәл мүлтіксіз орындау. Командирлердің бұйрығынан жауынгерлер өз Отанының талабын көреді, сондықтан да оны орындауға білімін, әскери даярлығын, кажыр-кайратын жүмсайды. Әскери тәртіп дегеніміз — барлық әскери кызметшілердің ҚР Конституциясы мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай-ақ әскери кызметшілердің арасындағы мінез-құлык және өзара карым-қатынас нормаларын қатаң және дәл сақтауы. Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін кәміл сезінуіне негізделеді. Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіні өзінің әскери борышын адал атқаруға міндеттейді. Әскери қызметшілерде тәртіптілікті тәрбиелеудің негізгі әдісі сендіру болып табылады, бұл өзінің әскери борышын адал орындамайтындарға мәжбүрлеу шараларын колдануды жоққа шығармайды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 08, 2026

    Қарақалпақ тілі

  • Сәуір 02, 2026

    Хорезмшах мемлекеті

  • Наурыз 10, 2026

    Ағылшын тілі

  • Наурыз 13, 2026

    Биосфера

  • Наурыз 12, 2026

    Сегізаяқ (өлең)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары