| Қала | |
| Өлгий | |
| моңғ. Өлгий ᠥᠯᠦᠭᠡᠢ | |
![]() | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Статусы | Қала |
| Аймақ | Баян-Өлгий аймағы |
| Әкім | Болатбек Харапатұлы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 48°58′06″ с. е. 89°58′07″ ш. б. / 48.96833° с. е. 89.96861° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°58′06″ с. е. 89°58′07″ ш. б. / 48.96833° с. е. 89.96861° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Құрылған уақыты | 1940 ж. |
| Жер аумағы | 101 км² |
| Уақыт белдеуі | UTC+7 (UTC) |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | ▲42 061 адам (2025) |
| Тығыздығы | 501 адам/км² |
| Сандық идентификаторлары | |
| Телефон коды | +976 (0)142 |
| Автомобиль коды | БӨ_ |
Өлгий шекарасы | |
Өлгий (моңғ. Өлгий, ᠥᠯᠦᠭᠡᠢ) — Моңғолиядағы қала, Баян-Өлгий аймағының әкімшілік орталығы және ең ірі қаласы. Өлгий – Моңғолияның батысындағы қазақтар басым тұратын бірден-бір қала. Халық саны – 42 061.

Географиясы
Өлгей қаласы Моңғолияның батыс бөлігінде, Ховд өзенінің бойында, Моңғол Алтай тауларының ортасында орналасқан. Астанасы Ұланбатырдан 1700 шақырымдай, Қытай шекарасынан 130 км, ал Ресей шекарасынан 80 км қашықтықта орналасқан. Қала теңіз деңгейінен 1710 метр биіктікте орналасқан.
Халқы
Қала халқы 2024 жылғы санақ бойынша 42061 адам. Өлгий – Моңғолиядағы қазақтар шоғырланған орталық. Халықтың басым бөлігін қазақтар құрайды. Қалада қазақ тілінде білім беру, мәдениет мекемелері жұмыс істейді.
Экономикасы
Қалада жеңіл өнеркәсіп (жүн өңдеу, киім), азық-түлік өндірісі, шағын бизнес дамыған. Өлгий аймақ орталығы болғандықтан, аймақтық әкімшілік пен мемлекеттік мекемелер де осында орналасқан.
Транспорты
Қаладан 3 шақырым жерде Өлгий әуежайы орналасқан. Мұнда MIAT компаниясының ұшақтары ел астанасы Ұланбатырмен қатынайды. Әуежай 90 жылдары қазақтарды Қазақстанға көшіру мақсатында Өлгий-Өскемен-Алматы бағытында қатынаған.
Мәдениет пен білім
Өлгийде қазақ ұлттық театрлары, мешіт, мәдениет үйлері, кітапханалар, мектептер мен колледждер бар. Қазақ тілінде білім беру кең таралған.
- Алфавит бойынша елді мекендер
- Моңғолия қалалары
- Баян-Өлгей аймағы
