| Генрик Сенкевич | |
| пол. Henryk Sienkiewicz | |
| | |
| Туған кездегі есімі | пол. Henryk Adam Aleksander Pius Sienkiewicz |
|---|---|
| Туған күні | 5 мамыр 1846 |
| Туған жері | Воля-Окшейска, Подлясская губерниясы, Ресей империясы |
| Қайтыс болған күні | 15 қараша 1916 (70 жас) |
| Қайтыс болған жері | Веве, Швейцария |
| Азаматтығы | |
| Мансабы | жазушы |
| Шығармашылық жылдары | 1869—1914 |
| Бағыты | тарихи роман, беллетристика |
| Жанры | роман, повесть, әңгіме, фельетон |
| Шығармалардың тілі | |
| Сыйлықтары | |
| Қолтаңбасы |
|
Ортаққордағы санаты: Генрик Сенкевич | |
Генрик Сенкевич (пол. Henryk Sienkiewicz; 5 мамыр 1846, Воля-Окшейска, Подлясская губерниясы, Ресей империясы - 15 қараша 1916, Веве, Швейцария) — поляк жазушысы. Кедейленген шляхтаның семьясында туған. 1866-1870 жылдары Варшава университетінің дәрігерлік және тарих-филология факультетін оқыды. Сенкевич- поляк әдебиеті мен әдеби тілін дамытуда елеулі роль атқарған жазушы.
Еңбектері
«Отпен және қылышпен» (1883-1886), «Пан Володеыевский» (1887-1888), тригологияларында 17 ғ-дағы поляк халқының өміріндегі ауыр кезеңді жарқын суреттеді. «Дәлелсіз қағида » романында( 1889-1890), поляк ақсүйектерінің моральдық азғындауын, «Полонецкийлердің семьясы» романында (1893-1894) алпауыт өсімқорлардың ұсақ, , пайдакүнем тіршлігін, « Крест жорығына қатысушылар» (1897-1900) романында поляктардың неміс басқыншыларына қарсы күресін бейнелейді. Аяқталмай қалған « Легиондар»(1913-1914) романында Наполеон соғысы дәуіріндегі оқиғаларды көрсетті. Сенкевичтің «Нан үшін» повесі қазақ тілінде( 1952) басылды.
Сыйлықтары
Ол- Нобель сыйлығының лауреаты. (1905).
Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 130 бет
| ||||||||||
- 5 мамырда туғандар
- 1846 жылы туғандар
- 15 қарашада қайтыс болғандар
- 1916 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша жазушылар
- Әдебиеттен Нобель сыйлығының иегерлері