| Роберт Фрэнсис Ферчготт | |
| Robert Francis Furchgott | |
| |
| Туған күні | Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
|---|---|
| Туған жері | Чарльстон, Оңтүстік Каролина, АҚШ |
| Қайтыс болған күні | Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
| Қайтыс болған жері | Сиэтл, Вашингтон, АҚШ |
| Ғылыми аясы | Биология |
| Альма-матер | Чапел-Хилл Солтүстік Каролина университеті |
| Несімен белгілі | Жүрек-қан тамырлары реттейтін дабыл молекуласы ретінде азот оксиді рөлін ашушы. |
| Марапаттары |
|
Роберт Фрэнсис Ферчготт (ағылш. Robert Francis Furchgott ; 4 маусым 1916, Чарльстон, Оңтүстік Каролина — 19 мамыр 2009, Сиэтл, Вашингтон) — американдық биохимик, 1998 жылы «Жүрек-қан тамырлары реттейтін дабыл молекуласы ретінде азот оксиді рөлін ашқаны үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты . Төменгі Нью-Йорк мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Өмірбаяны
Роберт Ферчготт 1916 жылы 4 маусымда Оңтүстік Каролинада (АҚШ), Чарльстон қаласында туған. Ленор Мандельбаумге үйленген (ақпан 1915-сәуір 1983 жыл). Чапел-Хилл Солтүстік Каролина университетін 1937 жылы бітіріп, 1940 биохимиядан Солтүстік-Батыс университетінде (Иллинойс) докторлық диссертациясын қорғаған. 1949-1956 жылдары Сент-Луис Вашингтон университетінің (Сент-Луис) медициналық мектебінде жұмыс істеді. 1956-1988 жылдары Төменгі Нью-Йорк мемлекеттік университетінде фармакология профессоры кейінірек - құрметті профессор болды.
1978 жылы, Ферчготт эндотелий жасушаларында затты ашты, ол қан тамырларының релаксациясын, немесе эндотелий релаксация факторын туғызады. 1986 жылға қарай, ол агенттің табиғатын және оның механизмін зерттеді. Ол табылған релаксация факторын, азот оксиді (NO) деп тауып, жүрек-қан тамырлары жүйесінің физиологиясының маңызды құрамдас бөлігі екенін анықтады. Ферчготт ашқаны үшін Гарднер қоры халықаралық сыйлығын (1991), Негізгі Медициналық зерттеулері үшін Альберт Ласкер сыйлығын (1996) (Ферид Мурадпен бірге). 1998 жылы Роберт Ферчготт Луис Игнарромен және Ферид Мурадпен бірге Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.
Тағы қараңыз
- Сальвадор Монкада
Сілтемелер
- Нобельдік жүлде сайтындағы өмірбаяны 30 қазанның 2001 жылы.
- Сайт лаборатории 3 шілденің 2009 жылы.
| ||||||||||
Үлгі:Нормативтік бақылау
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері
- Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері
- АҚШ биохимиктері
- Мадрид автономды университетінің құрметті докторлары
