| Судзуми Тонегава | |
| 利根川 進 | |
| |
| Туған күні | 6 қыркүйек 1939 |
|---|---|
| Туған жері | Нагоя, Жапония |
| Қайтыс болған күні | 11 шілде 2026 (86 жас) |
| Азаматтығы | Жапония |
| Ғылыми аясы | |
| Жұмыс орны | Массачусетс технологиялық институты |
| Альма-матер | |
| Несімен белгілі | адаптивтік иммундық жүйедегі генетикалық механизмді ашқан |
| Марапаттары |
|
Судзуми Тонегава (сонымен қатар Сусуму Тонегава, жап. 利根川 進, ағылш. Tonegawa Susumu; 6 қыркүйекте 1939 ж.т., Нагоя, Жапония) — жапондық молекулалық биолог, 1987 жылы «Антиденелер құрылуының түрлілігі генетикалық принципі» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты. Соңғы уақытта, ол жад қалыптастыру жасушаларының механизмдерін зерттеуге көшті. Массачусетс технологиялық институтының профессоры.
Өмірбаяны
Судзуми Тонегава өмірге 6 қыркүйекте 1939 жылы Нагоя қаласында(Жапония) келген. Ол Токиодағы беделді мектеп бітірген (Хибия жоғарғы мектебі), кейін 1963 жылы Киото университетін (Киото) бітірген. Диссертациясын Сан-Диего Калифорния университетінде қорғап Салк институтындағы (Сан-Диего) Нобелевь сыйлығының лауреаты 1975 жылғы Ренато Дульбекконың лабораториясында жұмыс істеген. Кейін иммунологиялық зерттеулерін Базель иммунология институтында (Базель) жасады, бұнда жасаған өз тәжірибелері, жаңалықтарға әкелді. 1981 жылы Массачусетс технологиялық институтының профессоры болып, профессор Пиковер оқыту және жад институтын құрды.
Ғылымға үлесі
Тонегава адаптивтік иммундық жүйедегі генетикалық механизмді ашқаны үшін жақсы белгілі. Ықтимал антигендердің үлкен санынан ағзаны қорғау үшін иммундық жүйесі әртүрлі миллиондаған антиденелерді генерациялау қабілетті. Әрбір антидене бір генді кодтайтын болса, онда ол миллиондаған гендер қажет болған еді. Тонегава бұл парадоксты шешті. 1976 жылғы бастаған тәжірибелерінде, Тонегава генетикалық материал сондай жолмен тасуы мүмкіндігі бар ол антиденелердің үлкен жиынтығын тудыруға қабілетті екенін көрсетті. B-лимфоциттердегі (лимфоциттер, синтездеуші антиденелер) тышқан эмбриондарындағы және ересек тышқандардың ДНҚ салыстыру, ол ересек жануарлардың B-лимфоциттеріндегі гендер көшеді, рекомбинициялайды және қиып алынады, онда антиденелер айнымалы бөлітерінің сан алуан түрлілігіне әкеледі (сыртқы ақуызбен арнайы таныйтын және байланысатын бөлік). Иммундық жүйенің қажетті антиденелердің нұсқасын іздеуге қабілеттілігіне әкеледі, ол антигендерді байланыстырады, және органға түскен инфекцияға кедергі жасайтын деңгейлерде синтез бастайды.
Сілтемелер
- Нобельдік жүлде сайтындағы өмірбаяны 30 мамырдың 2013 жылы. (ағыл.)
- «MIT Biology» сайтындағы өмірбаяны (ағыл.)
- Описание на сайте «Picower Institute for Learning and Memory» (ағыл.)
| ||||||||||
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 6 қыркүйекте туғандар
- 1939 жылы туғандар
- 11 шілдеде қайтыс болғандар
- 2026 жылы қайтыс болғандар
- Соңғы жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері
- Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері
- Молекулярлық биологтар
- Жапония иммунологтары
- Нобель сыйлығының иегерлері (Жапония)
- АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері
- Мәдениет орденінің кавалері
