Шарын — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл, Шарын ауылдық округі орталығы.
| Ауыл | |
| Шарын | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Статусы | Ауылдық округ орталығы |
| Облысы | |
| Ауданы | |
| Ауылдық округі | Шарын |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 43°46′25″ с. е. 79°23′19″ ш. б. / 43.77361° с. е. 79.38861° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°46′25″ с. е. 79°23′19″ ш. б. / 43.77361° с. е. 79.38861° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | ▲6236 адам (2021) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 05 |
Шарын шекарасы | |
Географиялық орны
Аудан орталығы — Шонжы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, Шарын өзенінің атырауында, ши, қылқан боз, құрақ өскен сирек тоғайлы келген шалғынды сұр, сортаң топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 5653 | ▼5572 | ▲6236 | 111,9 | 2833 | ▲3240 | 114,4 | 2739 | ▲2996 | 109,4 |
Тарихы
1930-97 жылдары Свердлов атындағы сүт өндіретін ұжымшардың орталығы болды. Оның негізінде Шарында өндірістік кооператив және шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы
Орта, бастауыш мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, 2 кітапхана, аурухана, дәріхана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобилдік жолы арқылы қатынасады.


