| Kazakhstan Airlines | ||
|---|---|---|
![]() | ||
| ИАТА KZ | ИКАО KZA | Шақыру белгісі KAZAKH |
| Құрылған жылы | 1991 жыл | |
| Қызметін бастады | 1992 жыл | |
| Қызметін аяқтады | 1996 жыл | |
| Хабтар | Халықаралық Алматы әуежайы | |
| Әуе паркінің саны | +30 | |
| Ұшу бағыттарының саны | 80 | |
| Штаб-пәтері | ||
| Басшылары | Белгісіз | |
Kazakhstan Airlines — 1991-1996 жылдар аралығында Қазақстанның ұлттық әуекомпаниясы қызметін атқарған. Чархи Дадри апатынан кейін 1996 жылы Air Kazakhstan ретінде қайта құрылған. Kazakhstan Airlinesтың қазақша аты Қазақстан Әуе Жолы
Тарихы
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін «Аэрофлот» мемлекеттік әуе компаниясының қазақстандық бөлімшесі «Қазақстан әуе жолдары» болып өзгертілді , оның хабынан 1992 жылы Алматы халықаралық әуежайындағы тұрақты рейстер іске қосылды. 1996 жылы, яғни «Қазақстан әуе жолдары» іске қосылғаннан кейін 4 жыл өткен соң, олардың сатылымы күрт төмендеді. Себебі қарашаның 12-сі күні әуеде соқтығысқан қазақстандық әуе компаниясының ұшқыштарының бірі болып, ешкім аман қалмады.
Флоты



Kazakhstan Airlines келесі әуе кемелерін мұраға алған:
- Антонов Ан-24
- Антонов Ан-26
- Антонов Ан-30
- Boeing 747SP
- Boeing 757-200
- Илюшин Ил-18
- Илюшин Ил-76
- Илюшин Ил-86
- Туполев Ту-134
- Туполев Ту-154
- Яковлев Як-40
- Яковлев Як-42

Апаттар мен оқыс оқиғалар

Kazakhstan Airlines 1996 жылдың 12 қарашасында орын алған Чархи Дадри ұшақтар соқтығысуы оқиғасына қатысты. Екі ұшақтың ауада соқтығысуының нәтижесінен 349 адамның қаза табуына себеп болған бұл апат — авиация тарихындағы ең қанды оқиғалардың бірі болып саналады. Kazakhstan Airlines компаниясының Илюшин Ил-76 ұшағы, рейс 1907 ретінде, Saudi Arabian Airlines компаниясының Boeing 747-100B ұшағымен ауада соқтығысты. Тергеу нәтижесінде Боинг ұшақтың рейс 1907 экипажының өздеріне берілген биіктіктен ерте түсіп кеткені анықталды. Бұл оқиға нашар даярлық пен ағылшын тілін жеткілікті деңгейде білмеу себебінен болды деп танылды. Осы жағдайдан кейін Қазақстан үкіметі Kazakhstan Airlines компаниясын банкрот деп жариялап, оның активтерін жаңадан құрылған Air Kazakhstan компаниясына берді.
Kazakhstan Airlines-ке тиесілі әуе кемелерімен болған тағы төрт оқиғада ұшақтар есептен шығарылды, бірақ бұл жағдайларда адам өлімі тіркелмеген:
- 1993 жылғы 16 қаңтарда Антонов Ан-24 (тіркеу нөмірі UN-46478) ұшағы бортында 19 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі бар кезде Қостанай әуежайына апатты қонды. Ұшып келу кезінде сол жақ қозғалтқыш істен шықты. Ұшқыштар ұшақты ұшу-қону жолағымен дұрыс бағыттай алмады және қайталап айналу (go-around) маневрін жүзеге асырмады. Нәтижесінде ұшақ ұшу-қону жолағының шетінен 162 метр бұрын жерге соғылды.
- 1995 жылғы 21 қаңтарда Туполев Ту-154 (тіркеу нөмірі UN-85455) ұшағы Карачи халықаралық әуежайында ұшуға әрекет жасаған кезде ұшу-қону жолағынан асып кетті. Ұшақта 105 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Ұшақ жүктемесі нормадан 6 тоннаға артық болған.
- Сол жылдың 13 сәуірінде Яковлев Як-40 (тіркеу нөмірі UN-88181) ұшағы Тараз әуежайында қиғаш желмен қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Бортта 28 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі болған. Ұшақ бетон қоршауға соғылды.
- 1995 жылғы 1 қарашада Антонов Ан-24 (тіркеу нөмірі UN-47710) ұшағы Шымкент Халықаралық Әуежайына қону кезінде ұшу-қону жолағына дейін 1100 метр қашықтықтағы алқапқа апатты түрде қонды. Бұл жаттығу рейсі болатын және ұшақта 4 экипаж мүшесі болған.
Тағы қараңыз
- Чархи Дадри ұшақтар соқтығысуы
- Air Kazakhstan
- Алфавит бойынша әуе компаниялары
- Қазақстан әуе компаниялары
- 1996 жыл