Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ақмола облысының Бурабай ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан.

Бурабай (көл)

  • Басты бет
  • Бурабай (көл)

Бурабай — Көкшетау қыратындағы тұйық көл.

Бурабай
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі320,6 м
Өлшемі4,5 × 3,9 км
Ауданы11 км²
Жағалау сызығының ұзындығы13,6 км
Тереңдігі7 м
Орташа тереңдігі4,5 м
Гидрология
Судың тұздылығы0,1-0,15 ‰
Су алабы
Суды жинау ауданы164 км²
Орналасуы
53°04′30″ с. е. 70°16′26″ ш. б. / 53.07500° с. е. 70.27389° ш. б. / 53.07500; 70.27389 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°04′30″ с. е. 70°16′26″ ш. б. / 53.07500° с. е. 70.27389° ш. б. / 53.07500; 70.27389 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАқмола облысы
АуданБурабай ауданы
Бурабай
Бурабай (көл) (Ақмола облысы)
Бурабай
Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value).
 Басқа мағыналар үшін Бурабай деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Географиялық орны

Ақмола облысының Бурабай ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы

Ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км, орташа тереңдігі 4,5 м, ең терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы 13,6 км, су жиналатын алабы 164 км2.

Жер бедері, көркем жерлері

Тектоникалық ойыста жатқан көл дөңгелек пішінді, табаны тегіс, солтүстікке қарай еңістеу келген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалаулары граниттен түзілген, шығысы – құмдауытты. Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді. Жақын жатқан көлдерден (Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды, Қотыркөл, Жөкей, т.б.) аласа жоталармен бөлінген. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты-жарқабақты келген кішігірім Жұмбақтас аралы орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 м көтерілген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалауларын айнала қоршаған әр түрлі пішіндегі жартастар мен жарқабақтар, көлге сұғына енген әсем мүйістер (Қызылтас, т.б.), сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді. Төңірегінде Бурабай шипажайы, «Оқжетпес» және «Голубой залив» демалыс үйлері орналасқан. Көл суында алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан балық бар. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және көркемсурет шығармаларына арқау болған.

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Burabay Lake
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Химиялық формула

  • Наурыз 12, 2026

    Сарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)

  • Сәуір 03, 2026

    Қазақ Энциклопедиясы

  • Сәуір 03, 2026

    Көкпекті ауданы

  • Наурыз 17, 2026

    Қазақстанның Қызыл кітабы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары