Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ақмола облысы Шортанды, Ақкөл, Бұланды, Сандықтау және Астрахань аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 223 км, су жиналатын алабы 17,4 мың км2.

Қалқұтан (өзен)

  • Басты бет
  • Қалқұтан (өзен)

Қалқұтан – Есіл алабындағы өзен.

Қалқұтан өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 223 км
Су алабының
ауданы
17,4 мың км²
Су алабы Есіл алабы
Су ағысы
Бастауы Ақкөл ауданындағы Новорыбинка ауылының жанындағы көл
 • Координаттары 51°50′59″ с. е. 71°12′10″ ш. б. / 51.84972° с. е. 71.20278° ш. б. / 51.84972; 71.20278 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Есіл өзені
 • Координаттары 51°47′15″ с. е. 69°28′22″ ш. б. / 51.78750° с. е. 69.47278° ш. б. / 51.78750; 69.47278 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°47′15″ с. е. 69°28′22″ ш. б. / 51.78750° с. е. 69.47278° ш. б. / 51.78750; 69.47278 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Ақмола облысы Шортанды, Ақкөл, Бұланды, Сандықтау және Астрахань аудандары
 Басқа мағыналар үшін Қалқұтан деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Географиялық орны

Ақмола облысы Шортанды, Ақкөл, Бұланды, Сандықтау және Астрахань аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 223 км, су жиналатын алабы 17,4 мың км2.

Бастауы

Бастауын Ақкөл ауданындағы Новорыбинка ауылының жанындағы көлден алып, Қалқұтан ауылынан төменде Есіл өзеніне оң жағынан құяды. Басты салалары: Тентек, Дамса, Талдысай, Талқара, Ащысай, Боқсық, Аршалы, т.б.

Өсімдігі

Өзеннің сол жағалаулық алабы сәл белесті көлдік-аллювийлі жазық, оң жағалауының жер бедері сай, жыралармен тілімденген. Су жиналатын алабы карбонатты қара топырақ және сор жері сортаңдау қара топырақты. Онда далаға тән өсімдіктер өседі. Өзен жайылмасында бұта аралас әр түрлі шалғын шөптесіндер өскен. Оң жағалаулық беткейлерін қайың шоқтары мен бұталар қамтыған. Жоғарғы ағысында шағын қарағай орманы кездеседі. Алабының 1/3-і жыртылған.

Гидрологиясы

Аңғарының ені 0,2 – 0,8 км. Орта ағысында 0,6 – 0,8 км. Шортанкөл көліне дейінгі арнасы жаз айларында құрғап қарасуларға бөлініп қалады. Қарасуларының тереңдігі 0,5 – 0,8 м, ені 12 – 35 м. Ағын суы бар кездегі тереңдігі 1 – 2,5 м. Қар және жер асты (грунт) суымен толығады. Суы қараша айының 2-жартысында (140 – 160 күндей) қатып, сәуірдің 2-онкүндігінде ериді. Төменгі ағысындағы суының минералдығы көктемде 300 – 400 мг/кг, кермектілігі 2,5 – 4,0 мг/экв (жұмсақ және қалыпты кермекті). Жазда минералдығы 800 мг/кг-ға жетіп, кермектілігі 6 – 7 күндей жоғарғы деңгейде болады. Суын ауыз суға, мал суаруға және шаруашылыққа пайдаланады. Қалқұтан бойында жалпы сыйымдылығы 18,8 млн. м3 болатын 5 бөген, жалпы сыйымдылығы 27,5 млн. м3 болатын 209 тоған салынған.

Этимологиясы

Қалқұтан Ақмола облысындағы өзен. Е.Қойшыбаевтың пікірінше: «Қалғұтан атауы «қалың құтан» тіркесінің қысқарған түрі». Ғалымдар бұл атаудың алтай тілінде Калгуты (Калгануты, Колгут) өзен, тау, ал моңғол тілінде қақпалы деген сөздермен төркіндес екенін айтады. Атбасар тұсында Қалқұтанмен қатар айтылатын Жабай өзені бар. Есіл алабындағы бұл екі өзен ескі замандағы ежелгі атаулар.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 02, 2026

    2023 жыл

  • Сәуір 03, 2026

    Қанішер Абылай

  • Наурыз 24, 2026

    Құқықтық мемлекет

  • Сәуір 05, 2026

    Ғылым академиясы

  • Сәуір 04, 2026

    Сағат (ауыл)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары