Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Райымбек ауданы — Алматы облысының қиыр оңтүстік-шығысында орналасқан аумақтық-әкімшілік бөлік. Орталығы – Нарынқол ауылы.

Райымбек ауданы

  • Басты бет
  • Райымбек ауданы

Райымбек ауданы — Алматы облысының қиыр оңтүстік-шығысында орналасқан аумақтық-әкімшілік бөлік. Орталығы – Нарынқол ауылы.

Қазақстан ауданы
Райымбек ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Алматы облысы

Аудан орталығы

Нарынқол

Ауылдық округтер саны

11

Ауыл саны

20

Әкімі

Дастан Құдабаев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, №22

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°01′06″ с. е. 79°13′25″ ш. б. / 43.01833° с. е. 79.22361° ш. б. / 43.01833; 79.22361 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°01′06″ с. е. 79°13′25″ ш. б. / 43.01833° с. е. 79.22361° ш. б. / 43.01833; 79.22361 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1936

Жер аумағы

7 119 км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

29 200 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (98,93%), ұйғырлар (0,84%), қырғыздар (0,08%), орыстар (0,06%), басқалары (0,09%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

041400-041432

Автомобиль коды

05

Райымбек ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Райымбек ауданы

Мазмұны

Географиялық орны, жер бедері

Солтүстігінде Ұйғыр ауданымен, батысында Кеген ауданымен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.

Аудан биік таулы аймақта, Алматы облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан облыстың ең көркем жерлерінің бірі. Аймақтың оңтүстік бөлігінде тау жоталары Теріскей Алатауы жүйесі жатыр. Тау шыңдарының абсолютті биіктігі теңіз деңгейінен 7010 метрге дейін. Ең биік нүкте - Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында орналасқан Хан Тәңірі шыңы (7010 м). Хан Тәңірі туралы алғашқы ғылыми мәліметтер 19 ғасырдың ортасында, 1856-1857 жылдары орыс географы және саяхатшысы П.П. Семенов-Тянь-Шанскийдің Тянь-Шаньға саяхаты кезінде пайда болды. Бірақ ол Хан-Тәңірін іздеу барсында шыңдарды шатастырып, бұл атауды күн батқан кезде таудың шыңы қызыл түске боялғандықтан жергілікті тұрғындар оны Қанды тауы (Қантау - қазақтар мен Кантоо - қырғыздар) деп атайтын тауға берген. Нағыз Хан Тәңірі кеңестік топографтармен 1943 жылы ғана ашылып, Жеңіс шыңы деп аталды. Аудан түрлі пайдалы қазбаларға бай; алтын (Жарқұлақ кен орны және Баянкөл өзенінің бассейнінде), қорғасын, мырыш (Тұйық кен орны), көмір (Ойқарағай кен орны), түсті және сирек металдар (Қарағайлы, Ақтас кен орны). Аймақтағы ең ірі өзендер - көптеген салалары бар Шарын, Шілік, Текес, Баянкөл.

Жануарлар дүниесі

Аймақтың фаунасы бай әрі алуан түрлі:аңдардан қасқырлар, түлкілер кең таралған, барыс, сілеусін, аю; жануарлардан арқар, тау ешкісі (таутеке), марал, суыр; құстардан тау күркетауығы, тау кекіліктері бар.

Тарихи жерлер

Ежелгі сақ дәуірінің, үйсіндер мәдениетінің белгілері қалған Қарашоқы, Таңбалы тас, Тұйық, Ақтастының алтыны, Байынқол мен Шалкөденің көнерген алтын кеніштері, Жібек жолы, Шығу, Құмтекей қаласының орындары бар. Шоқан Уәлихановтың Қашқарға сапары осы өңір арқылы өткен. Уәлиханов өзінің күнделігінде бұл аймақтың ерекше орны - Шартас тауы туралы дерек қалдырған.

Тарихы

1997 жылы Нарынқол мен Кеген аудандарының біріктірілуінен Райымбек ауданы құрылды. Бұл таулы өңірге өзіндік қиындықтарын ала келді. Ел-жұрттың, әсіресе, шекараға жақын жердегі мекендерін тастап, аудан орталығына, Алматы қаласына қарай көшуіне алып келді. Нарынқол 1936 жылдан 1997 жылға дейін аудан орталығы болды. Еліміздің оңтүстік-шығысындағы ең шеткі аймағы, Кегеннен шығысқа қарай 98 шақырым жерде, Нарынқол мен Байынқол өзендерінің қосылған тұсында, Меридианальный жотасының солтүстік баурайында, тау алдының қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан. 2004 жылғы мәлімет бойынша Нарынқол ауылында 8,8 мың адам тұрды. Бұл елді мекеннің іргесі 1872 жылы аңшылар тұрағы ретінде қаланған.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 13439 ▲22742 ▲43901 ▲48104 ▲51449 ▲83093 ▼43626 ▼29941

Аудан халқының саны 41 732 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (98,92%), орыстар (0,08%), ұйғырлар (0,84%), қырғыздар (0,06%), басқалары (0,10%).

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 20 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Жамбыл ауылдық округі 3114 ▼2292 73,6 1618 ▼1233 76,2 1496 ▼1059 70,8
Қайнар ауылдық округі 3241 ▼1746 53,9 1670 ▼917 54,9 1571 ▼829 52,8
Қақпақ ауылдық округі 3321 ▼2127 64 1697 ▼1164 68,6 1624 ▼963 59,3
Қарасаз ауылдық округі 2803 ▼2256 80,5 1430 ▼1211 84,7 1373 ▼1045 76,1
Нарынқол ауылдық округі 8008 ▼6298 78,6 3949 ▼3272 82,9 4059 ▼3026 74,6
Сарыжаз ауылдық округі 5165 ▼3662 70,9 2599 ▼1949 75 2566 ▼1713 66,8
Сүмбе ауылдық округі 4832 ▼3625 75 2431 ▼1877 77,2 2401 ▼1748 72,8
Тегістік ауылдық округі 1493 ▼1058 70,9 752 ▼548 72,9 741 ▼510 68,8
Текес ауылдық округі 4911 ▼2667 54,3 2423 ▼1360 56,1 2488 ▼1307 52,5
Ұзақ батыр ауылдық округі 3129 ▼2009 64,2 1634 ▼1077 65,9 1495 ▼932 62,3
Шалкөде ауылдық округі 3609 ▼2201 61 1857 ▼1168 62,9 1752 ▼1033 59
ЖАЛПЫ САНЫ 43626 ▼29941 68,6 22060 ▼15776 71,5 21566 ▼14165 65,7

Әкімдері

1936 жылы Кеген ауданынан бөлініп шыққан Нарынқол ауданын мына кісілер басқарды (басқарған жылдары нақты емес): Т. Тойбаев, Туркин, Несіпбеков, Қосаев, Айдапкелов, Будкин, Бодамбаев, соғыс жылдары С. Құнанбаев, Н. Бейсенбаев, Р. Ахмедов, А. Ахмедияров, одан кейінгі жылдары Р. Мақашев, Т. Кәрібжанов, Ү. Нұрғазиев, С, Дастихунов, Р. Тазабеков, Ш. Есенаманов, Е. Маханбетов, Т. Тоқсейітов, Баймаханов, Б. Сабаншиев, Ұнасбаев, М. Әшімбаев, Ы. Бектұрсынов сынды азаматтар осы ауданды басқарып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мақсатында жұмыс жүргізді.

  • Жанат Тәжиев (2014-2017)
  • Жолан Омаров (2017-2019)
  • Нұржан Құдайбергенов (2019-2022)
  • Берік Дүйсенбев (2022-2025)
  • Дастан Құдабаев (2025-)

Туристік орындар

Көлсай көлдері және Қайыңды ұлттық саябағы, Шарын шатқалы, Шоғансай шатқалы, биік таулы Тұзкөл көлі, Қазбек Валиевтің "Хан-Тәңірі" Халықаралық альпинистік лагері және тағы басқалары.

Танымал тумалары

  • Райымбек батыр - жоңғар шапқыншылығында ерекше ерлік көрсеткен қолбасшы.
  • Ардақ Назаров – ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы;
  • Айсара Керімбекова – дзюдан әлем чемпионы;
  • Руслан Жұмабеков – классикалық күрестен Азия чемпионы;
  • Бауыржан Тәліпов – қазақша күрестен әлем чемпионы.
  • Алтынбек Сәрсенбайұлы - қоғам және мемлекет қайраткері.
  • Мұқағали Мақатаев - көрнекті ақын, аудармашы.
  • Бердібек Соқпақбаев - белгілі балалар жазушысы, "Менің атым - Қожа" - повесінің авторы.
  • Сағатхан Әшімбаев - белгілі әдебиетші, сыншы.
  • Мәулен Әшімбаев - мемлекет қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы.
  • Мақпал Жұмабай - ақын, Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-қазына" орталығының Бас директоры.
  • Кеңес Нұрпейісов - ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Жұлын жүйкелері

  • Сәуір 07, 2026

    Еділ бұлғарлары

  • Сәуір 08, 2026

    Бертран Рассел

  • Сәуір 03, 2026

    Наурыз көже

  • Сәуір 06, 2026

    Парламенттік республика

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары