Құрық (1993 ж. дейін — Ералиев) — Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы ауыл, аудан және Құрық ауылдық округі орталығы.
| Ауыл | |
| Құрық | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Статусы | аудан орталығы |
| Облысы | |
| Ауданы | |
| Ауылдық округі | Құрық |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 43°12′00″ с. е. 51°39′00″ ш. б. / 43.20000° с. е. 51.65000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°12′00″ с. е. 51°39′00″ ш. б. / 43.20000° с. е. 51.65000° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Алғашқы дерек | 19 ғасыр |
| Бұрынғы атаулары | Ералиев |
| Климаты | Континентті |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 11 600 адам (2023) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 12 |
Құрық шекарасы | |
Географиялық орналасуы
Облыс орталығы — Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км, Қарақия ойысынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жердегі сораң шөптесін өскен шөлді белдемде орналасқан.
Тарихы
Іргесі 19 ғасырдың соңында қаланған. 1962 жылы Маңғыстау түбегін игеруге байланысты кент мәртебесін алып, 1973 жылы аудан орталығына айналды. Ауыл 1993 жылға дейін "Ералиев" кенті аталып келді.
Халқы
| 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
|---|---|---|---|---|---|
| 9299 | ▲10966 | ▼10629 | ▼6701 | ▲8118 | ▲11466 |
Экономикасы
Құрықта Қарақия мұнай барлау экспедициясы, құрылыс-монтаж кәсіпорны, материалдық-жабдықтау базасы, кәсіпорындар жұмыс істейді. Кентте 4 минералды ыстық су емханасы бар.
Денсаулық саласы
Ауыл бойынша 1 емхана, 1 аудандық аурухана және Ералиево станциясында 1 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетеді.


